НЕСИЕЛІК СЕРІКТЕСТІКТЕР МЕН НЕСИЕЛЕНГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІ
Ключевые слова:
мемлекеттік қаржылық институттар, несиелік серіктестер, қаржылық қолдау, ауыл шаруашылық тауар өндірушілер, несиелендіру, субсидилау, іс-әрекет тиімділігі, салыстырмалы бағалау, кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметеріАннотация
Мақалада несиелік серіктестіктер арқылы ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетудің мәселелері қарастырылып, несиелік серіктестігі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендірудің жағдайы баяндалған. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік және қаржылық қызметінің нәтижелері
арасындағы өзара байланыс, атап айтқанда ЖШС «Целиноградское» несиелік серіктестігінен алынған кредиттер көлемімен «Агрофирма «Актык» АҚ-ның өзара байланысы көрсетілген. Экономикалық тұрғыдан ауыл шаруашылығының жалпы өнімін өндірудің өсуін қамтамасыз ету кәсіпорындардың несиелік қамтамасыз етумен байланысты. «Целиноградское» ЖШС-тің делдалдық қызметі бірнеше жылдық динамикада қатысушы саны, бағыттар бойынша берілген несиелердің көлемі,
оларды қайтару көрсеткіштері негізінде талданып, несиелік серіктестік қызметінің оң нәтижесі ретінде динамикада ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге берілетін несиелер көлемінің өсу тенденциясы анықталған. Ал несиелік серіктестіктің қызметінің тиімділігі мақалада келтірілген қатысушылардың алынған несиелер арқылы өздерінің өндірістік және
қаржылық көрсеткіштерін жақсартуымен дәлелденген. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді несиелік серіктестіктер арқылы несиелендіру механизмін әрі қарай дамыту сол серіктестік мүшелерінің өндірістік және қаржылық қызметтерінің нәтижелері мен олардың көлемдерін есепке ала отыру бойынша іске асыруы тиіс, яғни несиелерді ең алдымен ойдағыдай іс-әрекет жүргізуші кәсіпорындар алуы тиіс.