АЛДЫН АЛА ТОТЫҚСЫЗДАНҒАНҰСАҚ ХРОМ КЕНДЕРДІ БӨЛУ
Ключевые слова:
хром кеңі, алдын ала тотықсыздану, сұйықфазалы бөліп алу, карботермиялық тотықсыздану, қатты-фазалы тотықсыздану, селективті тотықсыздану, алу дәрежесі, хромшпинелид, феррихромпикотит, көміртекті феррохром, хром карбиді, кварц қабықшасы.Аннотация
Зерттелетін объект ретінде кемпірсай хром кені (1...2 мм)алынған. Хром кенді ұсақталған кварцит бар материалды алдын ала сыртқы түйіршіктердің беттеріне қапталған. Кварцитпен қапталған кеңдерді көмірмен 1400°C температурасында жеке-жеке уақыт ұзақтылығымен 1,2 және 3 сағат бойытотықсыздану процестерді жүргізілді. Алынған металлданған кеңдерді
жоғары температурада1850°Cжеке-жеке балқытылып, металл мен қож өнімдерін алынған. Алынған нәтежелері бойынша 1400°C температурасында 1 сағат аралығында темір мен хромның шығуы 72% және 82%, ал үш сағаттық изотермиялық уақытында хромның шығуы 95% дейін жетті. Тотықсыздану өнімдерін бөлу нәтижесінде алынған металдың құрылымы
көміртекті феррохром құрылымына сәйкес келеді. Рентгенфазалық әдісімен қорытпадаCr23C6 және (Cr,Fe)7C3 карбидтерді және FeSi және Cr3Siсилицидтерді мен жеке α-(Сr,Fe) фазаларды анықталған.Тотықсызданууақыты ұзақтығы арттырумен байланысты ондағы темір силицид фазасы ұлғаюна және керісінше карбид хром кемеуіне әкеп соқтырады. Пайдаланған 3 сағаттық металданған хром кендері бөліну нәтежесінде қождағы темір мен хром оксидтердің минималды концентрациялары 0,5%FeO және 2,5% Cr2O3 дейін төмендейді.