СИЫРЛАРДЫ ЕРТЕ ҰРЫҚТАНДЫРУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН БҰЗАУЛАРДЫҢ ӨСІП ДАМУЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2020.4(107).24Ключевые слова:
ерте жаста ұрықтандыру, бұзаулар, тұмса сиырлар, тірі салмақ, дене тұлғасының өлшемдері, тұлға индекстері, қара-ала тұқымы.Аннотация
Бұл мақалада сиырларды ерте ұрықтандыру нәтижесінде алынған бұзаулардың өсуі мен дамуының зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу нысаны Ақмола облысы Астрахан ауданы "Камышенка" ЖШС сүтті-тауарлы фермасының туғаннан 6 айлық жасқа дейінгі қара-ала тұқымды бұзаулары болды. Тауарлы сүт фермасы жағдайында бұзаулардың екі тәжірибе топтары құрылды. І тәжірибе тобына 14-15 айында ұрықтандырылған тұмса сиырлардан алынған төлдер кірсе, ІІ тәжірибе тобына 16-17 айында ұрықтандырылған тұмса сиырлардан алынған төлдер кірді. Зерттеу барысында келесі көрсеткіштер зерттелді: туылған кездегі және 6 ай жасындағы бұзаулардың тірі салмағы, орташа тәуліктік өсімі, абсолютті және салыстырмалы өсімі есептелді. Сонымен қатар, туылғаннан бастап 6 айға дейінгі дене тұлғасының өлшемдері алынды, тұлға индекстері есептелді. І тәжірибелік топта туылған кезде бұзаулардың тірі салмағы орташа есеппен 30,9±0,32 кг құрады, ал екінші топта ол 29,8±0,44 кг деңгейінде болды, ал 6 ай жасында ол сәйкесінше 149,2±2,3 кг және 147,3±2,4 кг құрады. Дене тұлғасының өлшемдеріне сәйкес, І тәжірибелік топта ІІ топқа қарағанда жақсы көрсеткіштер байқалды, тұрқының қиғаш ұзындығы сәйкесінше 104,43±0,7 және 102,33±0,9 см құрады. Дене бітімінің индексі бойынша айырмашылық тиісінше 0,58-1,41% - ды құрады