ҚҰТЫРЫҚ ВИРУСЫНЫҢ «VRC-RZ2» ШТАМЫН ИНАКТИВАЦИЯЛАУ ҮШІН ДИМЕРЭТИЛЕНИМИННІҢ БЕЛСЕНДІ КОНЦЕНТРАЦИЯСЫН АНЫҚТАУ
Ключевые слова:
вирус, штам, құтыру, инактивант, димерэтиленимин, торша өсіндісі, ИФТ, антигендік белсенділігі.Аннотация
Мақалада құтырық вирусының «VRC-RZ2» штамын инфекциялық белсенділігін жою мақсатта инактивант ретінде димерэтилениминнің 0,1, 0,2 және 0,3% концентрациялары қолданыла отырып зерттеу жүргізілді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде, құтыру вирусының «VRC-RZ2» штамын инактивациялау кезінде димеретилениминнің тиімді инактивант екені
анықталды. Осыны негізге ала отырып, өндірісте құтырыққа қарсы инактивтелінген вакцинаны пайдалану ұсынылды және ДЭИ инактивантының 0,2% концентрациясымен (37±0,5) °С температурада 24 сағат ішінде антигендік қасиетін сақтай отырыа, инфекциялық қасиетін толығымен жоятыны анықталды. Әзірленген инактивация режимі құтырыққа қарсы вакцинаның өнеркәсіптік серияларын өндіру кезінде қамтамасыз етеді және қауіпсіз препарат алынады.