НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАНУАРЛАРҒА АРНАЛҒАН МУНИЦИПАЛДЫ БАСПАНАДА БАҒЫЛАТЫН ҚАҢҒЫБАС ИТТЕРДІҢ ІШЕК ГЕЛЬМИНТТЕРІ МЕН КОКЦИДИОЗДЫҚ ПАРАЗИТТЕРІ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТЕРМЕН КУРЕСУ ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

Авторы

  • Ch. Bauer, L.A. Lider А.Е Ussenbayev, А.А Zhanabayev D.М .Seyitkamzina

Ключевые слова:

баспана, ит, ішек паразиттері, копрологиялық зерттеу, жұмыртқалар, спороцисталар, ооцисталар, аралас инвазиялар, инвазиялану экстенсивтілігі.

Аннотация

Тұрғындар үшін экологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында қала иттері популяцияларының паразиттермен инвазиялануын мониторингтеу қазіргі ветеринарлық қызметтің өзекті мәселесі болып саналады. Осы зерттеулердің міндетіне Нұр-Сұлтан қаласындағы иесіз иттердің гастроинтестиналды паразитофаунасын анықтау жатады.
Нұр-Сұлтан (Астана) қаласының жануарларға арналған муниципалды баспанасында бағылатын 114 иесіз иттің нәжіс сынамалары Фюллеборн әдісімен ішек паразитарлық энтеропатогендеріне зерттелінді. Гельминттердің алты түрінің және протозойлықтардың екі түрінің паразитарлық элементтері 49 (43%) жануарларда табылды. Иттердің Toxascaris
(Ts.) leonina түрімен инвазиялану экстенсивтігі 29,8%, Toxocara canis – 4,4%, тениидтермен (Echinococcus sp. болуы ықтимал) – 4,4%, Dipylidium caninum – 3,6%, анкилостоматидтермен (Uncinaria stenocephala болуы мүмкін) – 1,8% және Trichuris vulpis – 1,8% болды. Cystoisospora canis ооцисталары және Sarcocystis sp. спороцисталары, сәйкесінше, 4,4% және 0,9% сынамаларда
анықталды. Ts. leonina басқа паразиттермен аралас инвазиясы 17 (14,9%) жануарлардан табылды. Жануарлардың денсаулығын жақсарту және адамның Toxocara және Echinococcus сияқты зооноз паразиттермен залалдану қаупін ең төмен деңгейге дейін азайту үшін баспанадағы иттердің инвазиялануын түсіретін паразиттерге қарсы іс-шаралар кешені ұсынылады.

Загрузки

Опубликован

2021-06-24