АДАМНАН БӨЛІНІП АЛЫНҒАН TRICHOPHYTON VERRUCOSUM ЗООФИЛЬДІ ШТАМЫНЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ ГЕНЕТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Авторы

  • Кухар Е.В.

Ключевые слова:

дерматомикоз қоздырушылары, дерматомицеттер, зоонозды аурулар, қоректік орталар, трихофития, артроспоралар, мицелилер, микроконидиялар, макроконидиялар

Аннотация

Мақалада адамның жұқтырылуын тудырған Trichophyton verrucosum зоофильді штамын бөліп алу және оған сипаттама беру тұрғысында жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген. өткізілген зерттеулер нәтижесінде біріншілей Trichophyton verrucosum ретінде идентифицирленген саңырауқұлақ штаммы алынған, оның өсінділік-морфологиялық, биохимиялық қасиеттері мен молекулярлық генетикалық сипаты зерттеліп, танылған. Зерттеушілер бөліп алған дерматомицет өсіндісі өзіне тән өсінділік қасиеттер танытқан және өзіне тән морфологиялық құрылымда болған, яғни: мицелилері түссіз, микро- және макроконидилері, артроспоралары мен хламидоспоралары байқалатын сипатта болған. Айта кетері колониялар түзілуі барысында біріншілей бөліп алған кезде T. verrucosum өсіндісіне тән емес өзгеше түрдегі полиморфизм байқалған. Сэнгер бойынша жүргізілген сиквенс-типтеу зертханалық зерттеулерді растау мүмкіндігін берген. Сонымен қатар, саңырауқұлақты аймақты ITS талдау әдісімен BLAST жағдайында идентификациялау бөлініп алынған саңырауқұлақ өсіндісінің Trichophyton тұқымына қатысты verrucosum түріне жататынын 100% растап берген.

Загрузки

Опубликован

2021-06-24