Солтүстік Казақстанның құрғақ дала аймағында егістік бұршақ (Pisum sativum L.) өнімділігінің шаруашылыққа құнды белгілер мен ауа райы жағдайларының әсерінен қалыптасуы

Авторы

  • Ошергина И.П. Научно-производственный центр зернового хозяйства имени А. И. Бараева
  • Тен Е.А. Научно-производственный центр зернового хозяйства имени А. И. Бараева
  • Гладких Д.М. Научно-производственный центр зернового хозяйства имени А. И. Бараева
  • Жанзаков Б.Ж. Научно-производственный центр зернового хозяйства им. А.И. Бараева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/eaj.2026.3(131).2285

Аннотация

Алғышарттары мен мақсаты. Солтүстік Қазақстанның құрғақ дала аймағында егістік асбұршақтың (Pisum sativum L.) өнімділігі вегетациялық кезеңдегі ауа райы жағдайларына, әсіресе өсімдіктер дамуының шешуші кезеңдеріндегі ылғалмен қамтамасыз етілуіне едәуір дәрежеде байланысты. Өнімділік пен өнім құрылымы элементтерінің өзара байланысын зерттеу бейімделгіш формаларды селекциялау үшін маңызды. Зерттеудің мақсаты – асбұршақ өнімділігінің шаруашылықтық құнды белгілермен байланысын анықтау және оның ауа райы жағдайларына тәуелділігін бағалау.

Материалдар мен әдістер. Танаптық зерттеулер 2024–2025 жылдары «А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС базасында жүргізілді. Асбұршақтың мұртшалы және жапырақты морфотиптеріне жататын 37 коллекциялық үлгі зерттелді. Бағалау барысында өнім құрылымының негізгі элементтері: бір өсімдіктегі бұршаққаптар мен тұқымдар саны, бір өсімдіктегі тұқым массасы және 1000 дәннің массасы есепке алынды. Өнімділік мөлдектен жиналған тұқым массасы бойынша анықталды. Ауа райы жағдайлары ауа температурасы, жауын-шашын мөлшері және гидротермиялық коэффициент бойынша сипатталды. Деректерді талдау үшін корреляциялық әдіс қолданылды.

Нәтижелер. 2024 жылы ылғалмен қамтамасыз етілу деңгейі жоғары болды, ал 2025 жылы гүлдеу және бұршаққаптардың қалыптасу кезеңінде құрғақшылық байқалды, гидротермиялық коэффициент 0,17-ге дейін төмендеді. Л-26/120 (353,0 г/м²) және Л-64/83 (338,9 г/м²) үлгілері ең жоғары өнімділік көрсетті. Өнімнің қалыптасуы бір өсімдіктегі тұқым саны және тұқым массасымен тығыз байланысты болды. Өнім құрылымының элементтері арасында тығыз оң корреляциялық байланыстар анықталды (r = 0,77–0,96).

Қорытынды. Құрғақ дала аймағында асбұршақтың өнімділігі өнім құрылымы элементтері мен ауа райы факторларының өзара әсеріне байланысты қалыптасады.

Опубликован

2026-10-06

Выпуск

Раздел

Ауылшаруашылық ғылымдары