Таңқурай екпелерінде өрмекші кенелері мен трипстердің санын реттеудегі Amblyseius montdorensis Schicha және Amblyseius andersoni Chant жыртқыш кенелерінің биологиялық тиімділігін анықтау
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/eaj.2026.3(131).2280Аннотация
Алғышарттар мен мақсат. Таңқурай зиянкестерімен кешенді күрес жидек өндірісінде өте маңызды, себебі ол фитофаг зиянкестерін тиімді түрде бақылайды. Өрмекші кенелері (Tetranychus urticae Koch) мен трипстері (Frankliniella intonsa Trybom.) таңқурайдың доминантты зиянкестердің қатарына жатады. Жидектердің зақымдануы физиологиялық бұзылыстар тудырып, өсімдіктердің өсуінің тежелуіне және өнімділіктің айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Зерттеудің мақсаты – таңқурай плантацияларындағы өрмекші кенелері мен трипстерін бақылаудағы Amblyseius montdorensis Schicha және Amblyseius andersoni Chant жыртқыш кенелерінің биологиялық тиімділігін анықтау.
Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмысы 2025 жылы Алматы облысындағы «Семиречье» питомнигі (Маричка сорты) мен «Түрген-Жеміс» шаруа қожалығының (Полка сорты) таңқурай плантацияларында жүргізілді. Зиянкестердің санағы және жәндіктердің тығыздығын анықтау стандартты энтомологиялық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді.
Нәтижелері. Алынған нәтижелер бойынша Amblyseius andersoni трипстерге қарсы ең жоғары тиімділікті көрсетті – 83,1%, ал Amblyseius montdorensis сәйкесінше 77,9% болды. Жыртқыш кенелердің екі түрі де өрмекші кенелеріне қарсы жоғары тиімділік көрсетті: Amblyseius andersoni 88,8% тиімділік көрсетті, ал Amblyseius montdorensis 87,8% көрсетті.
Қорытынды. Жүргізілген зерттеу жұмыстары таңқурайдағы трипс пен өрмекші кенелеріне қарсы Amblyseius montdorensis және Amblyseius andersoni жыртқыш кенелері жоғары биологиялық тиімділік көрсетті және бұл оларды кешенді өсімдіктерді қорғау жүйесінде қолдануда перспективті екендігін растайды.