АҚМОЛА ОБЛЫСЫ «КАМЫШЕНКА» ЖШС СИЫРЛАРЫ МЕН ТАЙЫНШАЛАРДЫҢ КӨБЕЮ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Ключевые слова:
ерте жаста ұрықтандыру, көбею көрсеткіштері, сүт өнімділгі, жоғары өнімді сиырлар, тұмса сиырлар, тайыншалар, ұрықтандыру индексі, тірілей салмағы, қара-ала тұқымы, симметал тұқымы.Аннотация
Мақалада қара-ала және симментал тұқымдары сиырларының өнімділігіне бірінші ұрықтандыруда жасы мен тірілей салмағының әсерінің талдауы келтірілген. Ғылыми зерттеулер Солтүстік Қазақстанның Ақмола облысы «Камышенка» ЖШС сүтті-тауарлы фермасында жүргізілді, зерттеу нысанына қара-ала және симменталь тұқымының аяқталған бірінші сауым
маусым сиырлары алынды. Шаруашылыққа қабылданған табынтолықтырушы тайыншаларды ұрықтандыру технологиясына талдау жасалды. Зерттеу шаруашылықта тайыншаларды жасына қарап емес, олардың жеткен тірілей
салмағына қарап ұрықтандырылатынын көрсетті, қара-ала тұқым тайыншаларының алғашқы ұрықтандыру кезіндегі орташа тірілей салмағы 356 кг және 19,4 айды көрсетсе, ал симменталь тұқымы тайыншаларында бұл көрсеткіш орташа 379 кг және 18,8 айды құрады. Зерттеу тайыншаларды ерте жаста ұрықтандыру екі тұқымда да анағұрлым жоғары өнімділікке ие болғанын көрсетті, жоғарыөнімді сиырлар 18 айлық кезінде ұрықтандырылса, ал табындағы ортадан төмен өнімді сиырлар 20-21 айлық жасында ұрықтандырылған болатын. Ерте жаста ұрықтандырылған тайыншалардың ұрықтану индексі 1,2 құраса, олардан ересек жаста ұрықтандырылған тайыншаларда 1,8 құрады. Алайда сүт сауымы мен бірінші ұрықтандыру жасы арасындағы корреляция коэффициенті оң көрсеткішке ие бола тұра шамалы болды, бұл кезде симментал тайыншаларында тірілей салмағы жоғарылаған сайын сауым мөлшері азаяды, яғни олар сүтті типтен еттіге ауысады, бұл сүттітауарлы фермаға теріс көрсеткіш болады. Тайыншаларды ерте ұрықтнадыру технологиясының көбею көрсеткіштерінің бірінші нәтижелері келтірілен.