Эспарцеттің (Onobrychis arenaria D.C.) жабайы популяциясы – селекция үшін бастапқы материал
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/eaj.2026.3(131).2278Аннотация
Алғышарттар мен мақсат. Құмды эспарцеттің жабайы өсетін популяцияларын - Onobrychis arenaria зерттеу нәтижелері келтірілген. Оларды бастапқы материал ретінде пайдалану мүмкіндігі көрсетілген. Дақылдың селекциялық сорттарының шаруашылық-бағалы белгілерін (құрғақшылыққа төзімділігі, жапырақтылығы, өнімділігі, құнарлылығы).
Материалдар мен әдістер. Ылғалдану дәрежесі мен температуралық режим бойынша тәжірибелер жүргізу жылдарындағы ауа райы жағдайларының сипаттамасы ұсынылған. Дала жағдайында фенологиялық бақылау, өсімдіктердің дамуының негізгі фазаларын тіркеу, биологиялық шабу массасы, құрғақ зат шығымы және тұқым өнімділігі бағалау жүргізілді.
Нәтижелер. Шикі және сіңімді ақуыз деңгейі мен талшықтың бар жоғы бойынша биохимиялық талдаулардың нәтижелері көрсетілген. Зерттеу жылдарында эспарцеттің жабайы өсетін 16 үлгісінен өнімділік деңгейі 454,1-478,9 г/м2 болатын өнімділігі жоғары 4 үлгі бөлінді. Құрғақ заттың ең көп шығымы 128-2922-07, 123-2955-40, 125-2950-35, 129-2945-30, 119-2000-01 және 126-2941-26 болды. 5 жабайы өсу үлгісі тұқым өнімділігімен ерекшеленеді. Көрсеткіштер кешені бойынша (жасыл массаның, құрғақ заттың және тұқымның жоғары өнімділігі) 119-2000-01, 126-2941-26 және 129-2945-30 үздік болды.
Қорытынды. Жеке, сондай-ақ кешенді оң белгілері мен қасиеттері бар эспарцет үлгілері ерекшеленген Эспарцеттің неғұрлым құнды үлгілері бастапқы материал ретінде селекциялық процеске тартылған. Нәтижелерді пайдалану саласы - селекция, жем-шөп өндірісі.