Вирустық инфекцияларды скринингтеу және түрлі-түсті түйнекті картоптың вируссыз сорттары мен селекциялық үлгілерінің жиынтығын қалыптастыру
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/eaj.2026.3(131).2276Аннотация
Түйін
Алғышарттар мен мақсат. Картоп ең маңызды азық-түлік дақылдарының бірі, бірақ оның өнімділігі мен сапасы вирустық аурулардың әсерінен айтарлықтай төмендейді. Картоптың ең көп таралған вирустары түйнектерде жиналады, бұл оларды бақылауды қиындатады және отырғызу материалын сауықтырудың тиімді әдістерін әзірлеуді қажет етеді. Жұмыстың мақсаты отандық және шетелдік селекциялық картоптың вируссыз сорттары мен будандарының коллекциясын құру болды.
Материалдар мен әдістер. Вирус тасымалдаушының диагностикасы картоптың X вирусын (КХВ), картоптың Y вирусын (КУВ), картоптың S вирусын (КЅВ),картоптың M вирусын (КМВ) анықтау үшін DAS-ИФТ форматында иммуноферменттік талдау (ИФТ) әдісімен жүргізілді. ИФТ нәтижелері теріс болған үлгілер in vitro жағдайында өсіріліп, кейіннен микроклондық көбейту үшін пайдаланылды. Асептикалық дақыл алу үшін өсімдік материалын көп сатылы зарарсыздандыру қолданылды.
Жаңалығы. Зерттелген вирустарға жүргізілген ИФТ нәтижелері теріс болған картоп сорттары мен селекциялық үлгілерінің вируссыз коллекциясы қалыптастырылды. Алынған материал картопты одан әрі сауықтыруға, микроклондық көбейтуге және шағын түйнектерді қоса алғанда, вируссыз отырғызу материалын алуға негіз болады.
Нәтижелері. Иммуноферменттік талдау әдісімен зерттелген картоп сорттары мен будандарында картоптың төрт негізгі вирусының болуы анықталып, вируссыз үлгілер іріктеліп алынды. Зерттелген материалдың вирустармен зақымдану деңгейінің әртүрлі екені анықталды. Олюшка, Бабаев, Есіл және Silk Rose сорттарының вируссыз үлгілері in vitro культурасына енгізіліп, кейіннен көбейту және картоптың вируссыз тұқымдық материалын алу үшін жылыжайға отырғызылды.