Қазақстан Республикасының аумағында пепино мозаика вирусының (PepMV) және қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусының (ToBRFV) диагностикасы

Авторы

  • Сүлейман М.А. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина https://orcid.org/0000-0002-7670-5352
  • Әжімахан М.Ә. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Хасанов В.Т. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/eaj.2026.3(131).2268

Аннотация

Мақала Қазақстан Республикасы үшін жаңа агрессивті, қауіпті карантиндік патогендер, жылыжайларда және ашық топырақта қызанақ өсіруге елеулі қауіп төндіретін қызанақ вирустарын - Pepino mosaic virus (PepMV, пепино мозаикасының вирусы) және Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV, Қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы) диагностикалауға арналған.

КТ-ПТР әдісімен Қазақстанның түрлі өңірлерінен (Түркістан, Алматы және Ақмола облыстары) өсімдіктердің 164 үлгісі зерттелді. ToBRFV вирусы үлгілердің 14% -ында, PepMV вирусы үлгілердің 7% -да анықталды. Оң нәтижелер ИХТ әдісіменде расталды. Симптомдардың молекулалық деректермен сәйкестігі анықталды, диагностиканың молекулалық және экспресс-иммунологиялық әдістерін қатар пайдаланудың жоғары тиімділігі көрсетілді.

Алынған деректер республика аумағында екi вирустың таралуы айналымын растайды және импортталатын өнiмдердi, төзімді сорт үлгiлерiн қолдану, фитосанитариялық бақылауды күшейту, егiстiктерге тұрақты мониторинг жүргiзу және Қазақстанның көкөнiс шаруашылығындағы экономикалық шығындарды барынша азайту үшiн зертханалық диагностиканың қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу қажеттiгiн атап көрсетедi.

Опубликован

2026-10-07

Выпуск

Раздел

Ауылшаруашылық ғылымдары