Күнбағыс селекциялық материалын жалған ақ ұнтақ ауруына (Plasmopara halstedii) төзімділікке бағалау

Авторы

  • Сергей Щербань ТОО "Опытное хозяйство масличных культур"
  • Наталия Щербань «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС
  • Фарид Абитаев «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС
  • Айгул Аралбаева «Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/eaj.2026.3(131).2266

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Шығыс Қазақстан облысы жағдайында күнбағыстың жалған ақ ұнтақ ауруының (ЖАҰА) агрессивті нәсілдеріне төзімді, тозаң құнарлылығын қалпына келтіруші инбредті желілерін анықтау.

Материалдар мен әдістері. 2021–2024 жылдар аралығында селекциялық материалға далалық фитопатологиялық скрининг жүргізілді. Қатаң арандатушы фон ретінде 2023 жылдың мамыр-маусым айларындағы экстремалды гидротермиялық жағдайлар (топырақтың 80–90% ылғалдануы (ТЫ), тәуліктік температураның 10–15 °C ауытқуы) пайдаланылды. Төзімділіктің мақсатты локустарының (Рl5, Рl6,Рl8, Plarg) бар-жоғы STS және SSR маркерлерін қолдану арқылы ПТР әдісімен верификацияланды.

Нәтижелер. Климаттық тұрғыдан қалыпты маусымдарда (2021, 2022, 2024 жж.) ЖАҰА-ның визуалды белгілері байқалмады. 2023 жылғы эпифитотия материалды саралауға және сезімтал генотиптерді қатаң түрде жарамсыз деп табуға (жарамсыздандыруға) мүмкіндік берді. Plasmopara halstedii оомицетінің жергілікті нәсілдеріне (соның ішінде 700 және одан жоғары тұқымдастықтарға) тиімді қарсы тұра алатын иммундық желілер бөліп алынды.

Қорытынды. Анықталған төзімді құнарлылықты қалпына келтіруші желілер өңірдің биоклиматтық жағдайларына бейімделген, күнбағыстың жаңа буын гетерозисті гибридтерінің селекциясы үшін тиімді Pl гендерінің құнды донорлары болып табылады.

Опубликован

2026-10-07

Выпуск

Раздел

Ауылшаруашылық ғылымдары