Жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері 250-320 мм болған кезде жасымық дақылын өсіру: жағдайы, әлеуеті

Авторы

  • Жұмабек Б. Научно-производственный центр зернового хозяйства имени А.И. Бараева
  • Акшалов К.А. ТОО «Научно-производственный центр зернового хозяйства имени А.И. Бараева»
  • Баймуканова О.Н. ТОО «Научно-производственный центр зернового хозяйства имени А.И. Бараева»
  • Бисетаев К.С. ТОО «Научно-производственный центр «Eurasian Farm Innovations»
  • Байшоланов С.С. ТОО «Научно-производственный центр зернового хозяйства имени А.И. Бараева»
  • Пилипчук А.П. ТОО «Научно-производственный центр зернового хозяйства имени А.И. Бараева»

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/eaj.2026.3(131).2258

Аннотация

Түйін

Алғышарттар мен мақсат. Астық өнімдеріне нарықтық бағаның құбылмалы болуына байланысты жасымық дақылын ауыспалы егіске енгізу топырақ құнарлылығын арттырудың және ауылшаруашылығы товар өндірушілерінің қаржылық тұрақтылығын күшейтудің бір тәсілі ретінде қарастырылады. Солтүстік Қазақстанның топырақ-климаттық жағдайлары жасымық өнімділігін тұрақтандыруда шектеуші фактор болып табылады. Жұмыстың мақсаты – тұрақсыз ауа-райы жағдайында топырақты өңдеу жүйелерін минимизациялау, топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсарту және оның құнарлылығын сақтау негізінде ауыспалы егісте жасымықтың тұрақты өнімділігін арттыру.

Материялдар мен әдістер. Зерттеулер 2021-2025 жылдары Ақмола облысының карбонатты оңтүстік қара топырақтарында, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының (Шортанды, координаттары 51°12N және 71°02 Е) көп жылдық (1979 жылы негізі қаланған) стационарлық далалық тәжірибесінде жүргізілді. Топырақтың су-физикалық қасиеттері жасымық дақылын дәстүрлі, минималды өңдеу және тікелей себу жүйелері бойынша мынадай ауыспалы егісте зерттелді: жасымық, жаздық бидай, зығыр, жаздық бидай. Жасымық өнімділігіне әсер ететін топырақ құнарлылығының негізгі элементтері талданды. Зерттеулер ауыспалы егісте жасымық дақылын өсіру кезінде тікелей себу, минималды және дәстүрлі топырақ өңдеу жүйелерін бағалауды қамтыды.

Нәтижелер.  Топырақты механикалық өңдеуді қысқарту мен тікелей себуге негізделген өңдеу жүйелерін минимизациялау 1 гектарға шаққандағы қаржылық шығындарды азайтады, топырақтың тығыздығы мен ылғалдылығына теріс әсер етпейді. Егістіктің арамшөптермен ластануы артпайды. Тікелей себу және қысқартылған өңдеу жүйелері дәстүрлі өңдеу жүйесімен салыстырғанда жасымық өнімділігін 55,6-61,2%-ға арттырады. Жасымықтан кейін егілген жаздық бидайдың өнімділігі 3,11-3,33 т/га, ал сүрі жерден кейін 3,26-3,44 т/га болды. Жасымықтың өнімділік әлеуеті 1 гектардан 1,8-1,91 тоннаға дейін жетеді.

Қорытынды. Қуаңшылық жағдайында ауыспалы егісте жасымық өсіру үшін топырақты өңдеу жүйелерін минимизациялауды негіздеуге арналған топырақтың су-физикалық қасиеттері, оның құнарлылық жағдайы және жасымық өнімділігі бойынша жаңа ғылыми деректер алынды.

Жұмыстың маңыздылығы. Топырақты өңдеу мен себу жүйелерін минимизациялау, климаттық және топырақ ресурстарын тимді пайдалану негізінде жасымық өсіруді қарқынды дамыту қаржылық шығындарды азайтуға, ауа-райының теріс әсерін әлсіретуге, өнімділіктің ауытқуын төмендетуге және жасымықтың тұрақты өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Опубликован

2026-10-08

Выпуск

Раздел

Ауылшаруашылық ғылымдары