Бағалы дәрілік және жемдік өсімдік Rhaponticum carthamoides баяу өсу жағдайында in vitro сақтау
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/eaj.2026.3(131).2227Ключевые слова:
Rhaponticum carthamoides; in vitro; өсу тежегіштері; орта мерзімді сақтау; осмотикалық стресс.Аннотация
Алғышарттар мен мақсат. Сирек кездесетін және шаруашылық құнды өсімдіктерді, соның ішінде Rhaponticum carthamoides сақтау үшін in vitro жағдайында тиімді депонирлеу әдістерін әзірлеу қажет. Жұмыстың мақсаты биотехнология әдістерін қолдана отырып, марал тамырының асептикалық культураларын in vitro жағдайында орта мерзімді сақтау шарттарын оңтайландыру.
Материалдар мен әдістер. Адвентивті микроөскіндер 2–10 мг/л абсциз қышқылы мен 3–5 г/л маннит қосылған ½ MС ортасында өсірілді. Жасушалар қайта отырғызусыз 3–9 ай бойы 4 ± 1 °C температурада сақталды. Сақтаудан кейін морфометриялық сипаттамалары мен тіршілікке қабілеттілігі бағаланды. Аналық өсімдіктер мен регенерант өсімдіктердің генетикалық үйлесімділігін бағалау үшін iPBS талдауы қолданылды. Жұмыста сегіз праймер қолданылды.
Нәтижелер. Қоректік ортаны өзгертпей температураны төмендету орта мерзімді сақтауды қамтамасыз етпеді. Абсциз қышқылы өсуді тежеді, оның концентрациясы неғұрлым жоғары болса, бұл әсер соғұрлым айқын болды. Жоғары концентрацияда ол өсімдіктің қалпына келу процестерін баяулатты. Ең тиімдісі 3 г/л маннит болды, ол өсудің баяулауын қамтамасыз етіп, 9 ай бойы жоғары регенерациялық қабілеттің сақталуын қамтамасыз етті. iPBS-ПТР фрагменттерін талдау негізінде 9 ай сақтаудан кейін аналық өсімдіктер мен регенеранттардың генетикалық сәйкестігі анықталды.
Қорытынды. Орта мерзімді сақтаудың оңтайлы режимі 4 °C температурада, құрамында 3 г/л маннит бар ½ MS қоректік ортасында өсіру болып табылады. Бұл жағдайлар in vitro өсімдіктердің өміршеңдігін және морфогенетикалық әлеуетін сақтауға мүмкіндік береді.