АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ТАБИҒИ ЫСТЫҚ СУ КӨЗІ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІРІЛГЕН БАЛЫҚТАРДЫҢ ӨСУ ДЕҢГЕЙІНЕ ЖАҢА АЗЫҚТАРДЫҢ ӘСЕРІ

Авторы

  • Үркімбаева А.Е., Сарсембаева Н.Б. Сагиндыков К.А.

Ключевые слова:

балық, азықтық қоспалар, өсу, минералдар, қауіпсіздік, сақталғыштық, сапа, ыстық су бұлақтары, біркүндік өсім.

Аннотация

Мақалада Қазақстандық азықтық қоспалардың негізінде дайындалған азықтардың Ніл тиляпияларының (OreochromisNiloticus) өсу деңгейіне әсерін зерттеу жұмыстарының нәтижелері берілген. мен жайын балықтардың
химиялық құрамы мен тағамдық құндылығын зерттеу нәтижелері берілген. Тиляпия балықтарының жас ерекшеліктеріне байланысты төрт-төрттен топтар құрастырылып, арнайы тік бұрышты хауыздарда өсірілді. Тәжірибелік зерттеулер Алматы облысындағы Шонжы табиғи ыстық су көздері жағдайында жүргізілді. Жаңа азықтық қоспаларды қолданған жағдайдағы 61 тәулік ішінде тәжірибелік топтағы балықтардың абсолюттік өсімі бақылау тобымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болғанын көрсетті. Сонымен қатар, тәжірибелік топтағы балықтардың екі түрі бойынша да бір күндік өсімінің көрсеткіштері бақылау тобының көрсеткіштерінен көп болды. Зерттеу жұмысы № 236-16-ГК «Халықаралық стандарттарға сәйкес
жергілікті экологиялық таза азықтық жем негізінде өсірілген балықтардан (Тиляпия, Африкалық жайын балық және т.б.) органикалық тағам өнімдерін өндіру» атты жобасы аясында орындалды

Загрузки

Опубликован

2021-06-24