Жұмсақ бидайдың қылтанақты «Таймас» сұрыпының минералды тыңайтқыштарға жауап беру ерекшелігі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/eaj.2026.2(130).2194Аннотация
Зерттеулерде «Таймас» жұмсақ бидай сұрыпының тыңайтқыштарды қолдануға және минералды қоректену жағдайларын жақсартуға бейімділігі, сондай-ақ Солтүстік Қазақстанның дала аймағының оңтүстік қара топырақтарында құрылымдық компоненттердің өнімділіктің қалыптасуына әсерін бағалау жүргізілді. Зерттеулер нәтижелері, табиғи жағдайларда 2025 жылы орташа өнімділік 23,8 ц/га қалыптасқаның көрсетті. P90 дозасында тыңайтқыштарды қолдану минералды қоректенудің оңтайлы деңгейін жасауға, өнімділіктің дейін 33,7 ц/га жеткізуге және 9,9 ц/га қосымша өнім қалыптастыруға ықпал етті, бұл сұрыптың тыңайтқышқа жоғары бейімділігін көрсетеді. Сонымен қатар, қоректік элементтердің деңгейлеріне байланысты «Таймас» сұрыпының өнімділікті қалыптастыруында әртүрлі құрылымдық компоненттердің басым әсері анықталды. Бір масақтағы дәндер саны (V – 13,4%) және олардың салмағы (V – 19,3%) өнімді түптенумен бірге (r = 0,96) өнімділіктің қалыптасуына әсер ететін негізгі құрылымдық компоненттер болды.