ТОПЫРАҚТЫҢ ВЕРТИКАЛЬДЫ АЙМАҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ТАБИҒИ ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Ключевые слова:
жайылым, табиғи шөп шүйгіні, табиғи аймақтар, вертикальды аймақтылық, топырақ ылғалдылығы, топырақ, өнімділік, малдар, жайылымдық массасы.Аннотация
Қазақстанда топырақтың вертикальдық аймақтық жағдайында алғаш рет нақты жобалық аумақта жайылымдардың тозу деңгейін азайту және оларды қалпына келтіру бойынша зерттеулер жүргізілді. Геоботаникалық зерттеулер негізінде шаруашылықтың аумағы өсімдіктер қауымдастықтарын оқшаулай отырып, оларды пайдалану маусымдарына бөлінді. Жыл мезгілдері бойынша табиғи шөптердің шығымдылығын есепке алу жүргізілді және жайылымдық кезеңде малдардың тірі салмағының өсімі анықталды. Жүргізілген жұмыстарды іске асыру кезінде тозған жайылымдарды қалпына келтіру үшін өсімдік жабынының өсімі және өсуі 15-18%-ға дейін жағдай жасалды және тиімді мал жаю жолымен мал өнімін 12%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Жүйесіз бағу тәсіліне қарағанда, жайылымды маусымдық пайдалануды қолдану, зерттеудегі малдардың тірілей салмағының анағұрлым көбірек өсуін қамтамасыз ететіні анықталды.