Проявление гетерозиса при скрещивании курдючных овец с баранами мясных пород Suffolk и Dorper

Авторы

  • Смагулов Д.Б. Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет
  • Есенгалиев К.Г. Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет
  • Давлетова А.М. Западно-Казахстанский инновационно-технологический университет
  • Хамзина А.К. Казахский национальный аграрный исследовательский университет
  • Мухаметжарова И.Е. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/eaj.2026.2(130).2187

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Қазіргі кезеңде еліміздегі қой шаруашылығы саласының дамуы жоғары сапалы қозы етін өндіруге және экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталған. Қойлардың еттілік қасиеттеріне қойылатын талаптардың артуы және өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылату қажеттілігі ғылыми негізделген селекциялық-генетикалық тәсілдерді қолдануды талап етеді. Осы тұрғыда аборигенді популяциялардың бейімделгіштік ерекшеліктерін барынша сақтай отырып, мамандандырылған ет бағытындағы тұқымдардың генетикалық әлеуетін ұтымды пайдалану өзекті бағыт болып табылады. Осыған байланысты құйрықты қойларды Dorper және Suffolk тұқымдарының аталықтарымен будандастыру генетикалық прогресті жеделдетудің тиімді құралы ретінде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның шығыс аймағы жағдайында алынған будан төлдің селекциялық, өнімділік және экономикалық көрсеткіштеріне кешенді баға беру.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмыстары 2024-2025 жылдары Абай облысындағы «Ебетей» шаруа қожалығында жүргізілді. Әрқайсысы 50 бастан тұратын 3 топ құрылды: бақылау тобы (қазақтың қылшық жүнді құйрықты тұқымы), I тәжірибелік топ (ҚҚҚ × Dorper) және II тәжірибелік топ (ҚҚҚ × Suffolk). Төлдердің 4,5-5 және 7,5-8 айлықтағы тірілей салмағы, 90 күнге есептелген орташа тәуліктік өсімі, сойыс көрсеткіштері, гетерозис әсері және экономикалық тиімділігі анықталды.

Нәтижелер. Dorper тұқымынан алынған 4,5-5 айлықтағы будандардың тірілей салмақтары бақылау тобына қарағанда 20,5%-ға, ал Suffolk – 16,8%-ға жоғары болды. 7,5-8 айлығында олардың көрсеткіштері тиісінше 58,7 және 55,4 кг құрап, қатарластарының деңгейінен асқан (53,0 кг). Енелерінен айырған кезеңде орташа тәуліктік өсім барлық топтарда 150-180 г аралығында ауытқыған. Сойыс көрсеткіштері де тиісінше будандардың артықшылығын айқындаған: Dorper будандарында ұша салмағы 32,2 кг, Suffolk – 30,6 кг, ал бақылау тобында 28,3 кг жеткен. Қозы етінің орташа нарықтық бағасы 2 850 ₸/кг болған жағдайда қосымша түсім тиісінше 1 басқа шаққанда 12 385 ₸ және 8 527 ₸ құрап, өндірістің рентабельділік деңгейін 17-24%-ға арттырған.

Қорытынды. 2024-2025 жылдары жүргізілген зерттеулер жергілікті қой тұқымдарын импорттық ет бағытындағы генотиптермен өнеркәсіптік будандастырудың тиімділігін айқындайды. Аталмыш тәсіл қойлардың сойыс көрсеткіштерін арттыра отырып, жайылымдық жағдайға төзімділік қасиетін сақтауға мүмкіндік береді. Ұсынылған шағылыстыру сұлбасын аталмыш аймақ жағдайында экономикалық тұрғыдан тиімді деп бағалауға мүмкіндік береді.

Опубликован

2026-06-17

Выпуск

Раздел

Ауылшаруашылық ғылымдары