Жаңа кешенді биологиялық препараттардың пияз (Allium cepa L.) тұқымының егістік көрсеткіштері мен пиязшықтың өнімділігіне әсері

Авторы

  • Айтбаева А.Т. Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Айтбаев Т.Е. Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Бурибаева Л.А. Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты «Қайнар» өңірлік филиалы
  • Ибрагимова Г.М. Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/eaj.2026.2(130).2186

Аннотация

Түйін

Алғышарттар мен мақсат. Пияз (Allium cepa L.) - тағамдық және емдік құндылығы жоғары, кеңінен өсірілетін, аса бағалы көкөніс дақылы. Қазақстанда пияз өнімділігінің өндірілетін сұрыптың әлеуетінен төмен болуы, тұқымдарды сақтау кезінде өнгіштік қасиетін тез жоғалтуына байланысты, абиотикалық және биотикалық күйзелістерге төзімсіз, әлсіз, әрі сирек өсімдіктердің қалыптасуымен түсіндіріледі. Осыған орай, біздің зерттеулеріміз пияз тұқымдарының егістік көрсеткіштерін жақсартып, өнімділікті арттыратын, жаңа кешенді биологиялық препараттардың  тиімділігін анықтауға бағытталды.

Материалдар мен әдістер. Зерттеулер Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Іле Алатауының солтүстік тау бөктерінде орналасқан «Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС «Қайнар» аймақтық филиалында жүргізілді. Тәжірибе пияздың Табыс сортында, ашық танап және зертханалық жағдайларда 5 нұсқада (Т1-Т5), 4 қайталанымда қойылды. Зерттеуде тұқымдардың өнгіштігі мен өсу энергиясы, фитосанитарлық көрсеткіші, өсімдіктердің биометриялық параметрлері, өнімділігі мен сапасы бағаланып, нәтижелері One-way ANOVA (p≤0,05) әдісімен талданды.

Нәтижелер. Алынған нәтижелер пияз тұқымын кешенді биологиялық препараттармен өңдеу олардың өнгіштігін едәуір арттырып, егістердің біркелкі және жаппай көктеп шығуын қамтамасыз еткенін көрсетті. Бұл өз кезегінде абиотикалық және биотикалық күйзелістерге төзімді, жасыл биомассасы мықты дамыған өсімдіктердің қалыптасуына ықпал етті. Вегетативті және генеративті мүшелердің қарқынды дамуы арқылы пияз дақылының өнімділігі артып, пиязшықтардың биохимиялық көрсеткіштері жақсарды. Сонымен қатар, егістердің фитосанитарлық жағдайы жақсарып, химиялық және пестицидтік жүктеме 1,5-2 есеге төмендеді.

Қорытынды. Пияз өндірісінде тұқымның егістік көрсеткіштері шешуші рөл атқарады, өйткені олар болашақ өнімділіктің негізгі факторларының бірі болып табылады. Зерттеу нәтижелері бұрын соңды жүргізілмеген, жаңа болып табылады және пияз тұқымдарын биопрайминг әдісімен өңдеу арқылы олардың өнгіштігін жақсартып, өнімділігін арттыруға болатындығын дәлелдейді.

Кілт сөздер: пияз, биопрайминг, кешенді биологиялық препараттар, саңырауқұлақ аурулары, морфологиялық сипаттамалар, өнімділік, сапа көрсеткіштері.

Опубликован

2026-06-17

Выпуск

Раздел

Ауылшаруашылық ғылымдары