ҚЫЗЫЛ-ҚАЙЫҢ СУҚОЙМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІ БАҒЫТЫН АНЫҚТАУ

Авторы

  • Сансызбаев Е.Т., Данько Е.К., Пазылбеков М.Ж

Ключевые слова:

Қызыл-қайың суайдыны, гидрология, гидрохимия, қоректік қор, ихтиофауна,қолдану бойынша ұсыныстар, балықтандыру, өсіру, аулау

Аннотация

Қазақстанда табиғи және жасанды шығу тегі бар үлкен және кішігірім суқоймалар өте көп, ҚР республикалық маңызы бар су айдындарынан балық өндірісінің жыл сайын төмендеуі жағдайында оларды балық өсіру үшін пайдаланылған жағдайда қосымша құнды балық өнімдерін алудың маңызды көзі бола алады. Осыған байланысты, VI балық өсіру аймағында орналасқан Алматы облысының кішігірім су қоймаларын зерттеу, оларда салыстырмалы түрде қысқа уақыт ішінде кәсіптік құнды балық түрлерін екі жазда өсіру тұрғысынан маңызды болып табылады. Зерттелетін Қызыл-Қайыңсуқоймасы жергілікті маңызы бар су қоймаларына жатады, егер оны кәдімгі тұқы және өсімдік қоректі балықтар - ақ дөңмаңдай мен ақ амурдың шабақтарын өсіретін болсаоларды пайдалану кезінде 1 га алаңдағы балық өнімділігі 360 кг / га құнды балық өнімдерін алуға
болады. 3-4 жыл ішінде тоғандағы тұқы - сазанның табиғи көбеюінің басталуымен балық өнімділігі екі еседен астамға артып700-800кг / га дейін жетуі мүмкін немесе жалпы алаңы 93 га ауданнан 65,0-ден 74,0 тоннаға дейін жетеді.

Загрузки

Опубликован

2021-06-24