ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ МАҚТАНЫҢ ЖОҒАРЫ ӨНІМДІ СОРТТАРЫН ШЫҒАРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/eaj.2026.2(130).2177Аннотация
Түйін
Алғышарттары мен мақсаты. Мақта шаруашылығы Қазақстан АӨК-нің стратегиялық саласы болып табылады, бірақ оның дамуы топырақтың деградациясы мен жиілеп кеткен құрғақшылық салдарынан шектелуде. Зерттеудің мақсаты — Түркістан облысы жағдайында жоғары өнімділікке және абиотикалық стресс-факторларға төзімділікке ие, мақтаның (Gossypium hirsutum L.) жаңа тез пісетін сорттарын жеделдетіп жасау және бағалау.
Материалдар мен әдістер. Зерттеулер 2023-2025 жылдары ашық сұр топырақтарда, экстремалды құрғақшылық жағдайында (температура нормадан 4,5 ºС жоғары) жүргізілді. Зерттеу нысаны ретінде М-4000 сериясындағы мақтаның 15 перспективалы сорт үлгілері алынды. Талшықтың технологиялық қасиеттері халықаралық стандарттар бойынша (микронейр, үзілу күші) анықталды. Статистикалық өңдеу Б.А. Доспехов әдісі бойынша орындалды.
Нәтижелері. Салыстырмалы М-4005 стандартынан тез пісуі бойынша 1–6 күнге тез пісетін 10 сорт үлгісі анықталды. Өнімділік бойынша М-4018 (43,2 ц/га), М-4003 (42,8 ц/га) және М-4012 (42,5 ц/га) желілері көш бастады, бұл бақылау нұсқасынан 39,6–42,6%-ға жоғары. Технологиялық талдау талшықтың жоғары сапасын көрсетті: М-4015 үлгісінде үзілу күші 5,0 г.күш-ке жетіп, оңтайлы микронейр көрсеткіші 4,4 мкг/дюймді құрады. Құрғақшылық жылы жоғары өнімділік көсектерінің қарқынды жиналуымен және бір көсектегі шитті мақта салмағымен (6,2 г дейін) қамтамасыз етілгені анықталды.
Қорытынды. Жасалған селекциялық материал (М-4018, М-4012, М-4030 желілері) жоғары экологиялық пластикалық қасиетке және талшықтың бәсекеге қабілетті сапасына ие. Аталған сорт үлгілері Мемлекеттік сорт сынау жүйесіне тапсыруға және будандастыру бағдарламаларында ыстыққа төзімділік донорлары ретінде пайдалануға ұсынылады.