СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ГУМУС ЖАҒДАЙЫ (ҚЫСҚА ДАЛАЛЫҚ ЕГІС АЙНАЛЫМЫНДА)
Ключевые слова:
сидераттар, ауыспалы егіс, гумус, көміртек, жылжымалы гумус, гумин қышқылдары, фульвоқышқылдары, топырақ құнарлығы, топырақтағы гумус қоры.Аннотация
Қарашірік мөлшері рапс бойынша себілген бидай нұсқасында 2,81ден 3,13%- ға дейін, қыша бойынша бидайда 2,16-3,03% және асбұршақ-сұлы қоспасы бойынша бидайда 2,53-2,98% аралығында ауытқыды. Бидайды нұсқалар бойынша орналастырудың өзгерістеріне ең қайырымдысы айнымалы органикалық зат болды. Ауыспалы егістің нұсқалары бойынша 0-30 см қабатында айнымалы қарашірік мөлшері мен қабат тереңдігі арасында тәуелділік байқалмады. Айнымалы қарашіріктің ең көп мөлшері "асбұршақсұлы қоспасы бойынша бидай" нұсқасында, ең төменгісі "қыша бойынша бидай" нұсқасында болды. Гумин қышқылдарының ең көп мөлшері 0-10 см қабатта "асбұршақ-сұлы бойынша бидай" нұсқасында, ең азы "қыша бойынша бидайда" тіркелді. Бұл топырақтар гуматты және фульватты-гуматты типіне Сгк:Сфк >1 жатады. Сонымен қатар фульвоқышқылдарының деңгейі ауыспалы егіс нұсқалары бойынша бір деңгейде болды – 0,21-0,22%. Ауыспалы егістегі зерттелетін топырақтар төмен қарашірік қорымен және топырақтың қарашіріктенуінің орташа деңгейімен сипатталды.