БИДАЙ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ПИРЕНОФОРОЗҒА ТӨЗІМДІЛІГІНЕ ГЕНЕТИКА-СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИТОПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Ключевые слова:
бидай, пиренофороз, төзімділік, өнімділік, селекция, төзімді сорттар, залалдану, төзімділік индексі, өнімділігі жоғары линияларАннотация
Зерттеулердің нәтижелері бидайды иммундық және пиренофорозға төзімді үлгілерін анықтауға, генетикалық-селекциялық және фитопатологиялық әдістерді пайдалана отырып, төзімділіктің жаңа көздерін құруға бағытталған. Зерттеу нәтижесінде зерттелген үлгілердің басым көпшілігі (70,6%) пиренофорозға төзімді болды. Пиренофорға иммунды реакциясымен (ИТ - 0) 2
перспективті линия және ауруға орташа-төзімділік таңытқан (IT - MR) 39 перспективті бидай линиялары анықталды. Селекция үшін ерекше қызығушылық пиренофорозға төзімділігі мен жоғары өнімділікті үйлескен бидайдың 4 перспективті линиясы болып табылады. Іріктелген перспективалық материал пиренофорозға төзімділігі мен өнімділігін арттыруға арналған күздік бидай селекциясында гибридизация бағдарламаларында пайдаланылады. Болашақта бұл күздік бидайдың перспективті линиялар донор және күздік бидайдың болашақ сорттарына кандидаттар ретінде пиренофорозға төзімділікке
селекцияда пайдаланылуы мүмкін