АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ СУҚОЙМАЛАР ИХТИОФАУНАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Авторы

  • Кожабаева Э.Б., Амирбекова Ф.Т., Абилов Б.И.

Ключевые слова:

суқойма, алуантүрлілік, ихтиофауна, аборигенді, бөгде түр, Балқаш-Алакөл бассейні, таксономиялық құрамы, саны, жерсіндіру.

Аннотация

Бұл мақалада Алматы облысының жергілікті суқоймаларында (БалқашАлакөл бассейні) тіршілік ететін балықтардың алуантүрлілігінің қазіргі жағдайы зерттелді. Зерттелген суқоймалардың ихтиофаунасының құрамында 21 түрлі балықтар кездесті, оның ішінде 4 аборигенді және 17 бөгде балық түрлерінен тұрады. Аборигенді балықтард: кәдімгі гольян Phoxinus phoxinus (Linnaeus, 1758), теңбіл талма – балық Triplophysa strauchii (Kessler, 1874), бір түсті талма – балық Triplophysa labiatus (Kessler, 1874), балқаш алабұғасы Perca schrenkii (Kessler, 1874).Олардың ішінде ең сирек кездестін түр - бір түсті талма - балық. Бөгде балықтар: өзен абботинасы Abbotina rivularis (Basilewsky, 1855), тыран Abramis brama (Linnaeus, 1758), ақмарқа Aspius aspius (Linnaeus, 1758), азия - еуропалық табан Carassius auratus (Bloch, 1872), сазан Cyprinus carpio (Linnaeus, 1758), амур шабағы Pseudorasbora parva (Schlegel, 1842), кекіре Rhodeus sericeus (Pallas, 1776), торта Rutilus rutilus (Linneus, 1758), оңғақ Tinca tinca (Linnaeus, 1758), ақ амур Ctenopharingodon idella (Valenciennes, 1844), кәдімгі құрлықұрсақ Hemiculter leucisculus (Basilewsky, 1855), медака Oryzias latipes (Temminck et Schlegel, 1846), қытай элеотрисі Micropercops cinctus (Dabry et Thiersant, 1872), кәдімгі жайын Silurus glanis Linnaeus, 1758, көксерке Sander lucioperca (Linnaeus,1758), қытай қонғақ
мұрынды бұзаубас – балық, Rhinogobius cheni (Nicholos, 1931), жыланбас - балық Channa argus (Cantor, 1842).

Загрузки

Опубликован

2021-06-24