АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА НҰРА ӨЗЕНІНІҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЛДЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

Авторы

  • Исмуханов Х.К.

Ключевые слова:

Нұра өзені, көлдер жүйесі, гидрология, гидрохимия, балықтың қоректік қоры, ихтиофауна, балық аулау болжамы, балық аулау режимі, кәсіптік балық аулау

Аннотация

Мақалада Нұра өзенінің жоғарғы бастауынан бастап Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығындағы (МТҚ) Теңіз тұзды көліне дейінгі аралықтағы орындалған көпжылдық балық шаруашылық зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша мәліметтер ұсынылған. Зерттеулер өзеннің және оның негізгі көлдер жүйесінің морфометриялық көрсеткіштерін қамтыды. Өзеннің және оның көлдер жүйесінің гидрохимиялық режимін талдау көрсеткіштері балықшаруашылық суайдындары үшін бекітілген шектеулі-мөлшерлі концентрациядан (ШМК) асып кетпейді және су организмдерінің мекендеу ортасы үшін қолайлы болып табылады. Суайдынның негізгі факторларының бірі табиғи қоректік қорының жағдайына байланысты болатын және тиісінше, суайдынның балық өнімділігі, сондай-ақ балық ресурстарын молайту үшін гидрологиялық режиміне аса назар аударылды. Сонымен қатар көптеген кәсіптік балықтардың қорегін құрайтын организмдердің (зоопланктон,
зообентос) негізгі топтары анықталды. Кәсіптік балықтардың түрлік құрамын, 14 сонымен қатар олардың популяцияларының жағдайын зерттеу негізінде өзеннің және оның көлдер жүйесінің балық аулау болжамы ұсынылған.

Загрузки

Опубликован

2021-06-24