Топырақ өңдеу жүйелеріне байланысты топырақтың физикалық қасиеттерінің өзгерісі

Авторы

  • Бақытбек Жұмабек "А. И. Бараев атындағы Астық Шаруашылығы Ғылыми-Өндірістік Орталық" ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/eaj.2026.2(130).2136

Ключевые слова:

топырақ өңдеу; тікелей себу; минималды топырақ өңдеу; дәстүрлі топырақ өңдеу; топырақтың көлемдік салмағы; түйіртпектілік.

Аннотация

Түйін
Алғышарттар мен мақсат. Тікелей себу және топырақты минималды өңдеу әлемдік егіншілік тәжірибесінде – топырақты аз өңдеуге негізделген әдіс ретінде 1 гектарға жұмсалатын энергия мен қаржылық шығындарды азайтудың, сондай-ақ көмірқышқыл газы шығарындыларын төмендетудің тиімді тәсілі ретінде қарастырылады. Зерттеу жұмысы Солтүстік Қазақстанның құрғақшылық аймағында ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде топырақтың физикалық қасиеттеріне әртүрлі топырақ өңдеу жүйелерінің әсерін зерттеуге бағытталды. Зерттеу жұмысының мақсаты әртүрлі топырақ өңдеу жүйелерінің топырақтың физикалық қасиеттерінің
өзгерісіне тигізетін әсерін анықтау.
Материалдар мен әдістер. Танаптық зерттеулер «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС-ның көп жылдық стационарлық тәжірибелік танабының ауыр құмбалшықты карбонатты оңтүстік қара топырақтарында жүргізілді. Егістік жердің координаты
51°35'19.8"N 71°03'11.2"E. Зерттеу нысанында топырақтың тығыздылығын, агрегаттық құрамын және суға төзімділігін анықтау үшін жалпы қолданыстағы әдістемелер бойынша әрбір тереңдіктен топырақ үлгілері алынды.
Нәтижелер. Мақалада карбонатты оңтүстік қара топырақтарды игеру және ұтымды пайдалану
мақсатында жаздық бидайды ауысымсыз (бессменно) өсіру кезінде топырақ өңдеудің үш түрлі (дәстүрлі, минималды және тікелей себу) тәсілі салыстырмалы зерттелді. Зерттеу барысында минималды өңдеу және тікелей себу технологияларын ұзақ уақыт қолданғанда топырақтың физикалық қасиеттеріне оң әсер ететіні анықталды.
Қорытынды. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, механикалық өңдеулерді қысқарту топырақтың физикалық қасиеттерін төмендетпейді. Топырақтың беткі 0-30 см тереңдіктегі көлемдік салмақ тікелей себу және минималды топырақ өңдеу жүйесінде тиісінше 1,25–1,28 г/см³ құраса, дәстүрлі өңдеуде 1,22 г/см³. Агрономиялық бағалы агрегаттардың (0,25–10 мм) мөлшері беткі 0–20 см қабатта 81,66–84,50% аралығында ауытқыды, ал дәстүрлі өңдеу жүйесінде ең төмен
көрсеткіш (75,76%) анықталды. Суға төзімді агрегаттар мөлшері дәстүрлі және минималды өңдеуде 60,40–61,10% аралығында өзгерді, ал тікелей себуде бұл көрсеткіш ең жоғары мәнге ие болып 64,80%-ды құрады. Бұл өз кезегінде топырақтың физикалық қасиеттерін жақсартып, оның агроэкологиялық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал дәстүрлі өңдеу топырақ құрылымының бұзылуына әкеледі.

Загрузки

Опубликован

2026-06-30

Выпуск

Раздел

Ауылшаруашылық ғылымдары