ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ ОРМАНДАРДЫҢ САНИТАРЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ
Ключевые слова:
оңтүстік-шығыс Қазақстан, фитозиянкестер, орман екпелері, орманпатологиялық зерттеулер, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, фитосанитарлық жағдай, фауна, қоқыстанып кету, орман ауруларыАннотация
Бұл мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы алқаағаштардың санитарлық жағдайы, орманның аса қауіпті зиянкестері мен ауруларын бақылау мақсатында орманпатологиялық қадағалауды ұйымдастыру жолдары, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы ерекше қорғалатын табиғи аймақтар жағдайында фауна дендробионттарын түгендеу және кешенді
талдау жолдары жазылған. Орман екпелерінің тұрақтылығы олардың фитосанитариялық жай-күйіне байланысты болатындықтан, ормандардың санитарлық жай-күйін жақсарту бойынша ұсынымдар жасалған. Мемлекеттік орман қорын орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жүйелі түрде қадағалаумен қамтамасыз етілетіндіктен, оның жай-күйін, орман зиянкестері мен ауруларының ошақтарын уақтылы анықтау мен пайда болуының алдын алу, оларды оқшаулау және жою жұмыстары жүргізілетіні баяндалған. Мемлекеттік орман қорының аумағындағы ормандарды қорғауды жүзеге
асырудың түрлері жазылған. Екпелердің орнықтылығын сақтау және арттыру, олардың өнімділігін арттыру, діңдік зиянкестердің санын азайту, аурулардың инфекциялық түрін азайту, сондай - ақ ормандарда өрт қауіпсіздігін арттыру мақсатында орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман
пайдалану кезінде жүргізетін санитарлық-сауықтыру іс-шаралары баяндалған.