Нанобөлшектер – өсімдік ұлпаларын in vitro культивациялеу технологиясының элементі

Авторы

  • Жагипарова М.Е. Торайғыров университеті
  • Аникина И.Н. Торайғыров университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/eaj.2026.1(129).2125

Ключевые слова:

in vitro; микроклондық көбейту; нанобөлшек; қоректік орта; өсу.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Өлшемі, түрі және морфологиясы әртүрлі нанобөлшектер өсімдік
шаруашылығындағы көптеген мәселелерді шешуге арналған тиімді препараттар ретінде, атап айтқанда тыңайтқыштар, өсуді реттегіштер және пестицидтер ретінде өз тиімділігін көрсетті. Нанобөлшектер өсу үдерісіне ынталандырушы әсер етіп, су мен қоректік элементтердің баяу босап шығуына ықпал етеді. Сондай-ақ олардың биоцидтік қасиеттері өсімдік ұлпалары культурасында қолданылуына негіз болды.
Материалдар мен әдістер. Шолуда әртүрлі элементтердің нанобөлшектерін модификацияланған
қоректік орталардың компоненттері ретінде қолдануға арналған жарияланымдар талданып, түрлі өсімдік дақылдарының микроклондық көбейту тиімділігін арттыру рөлі қарастырылды. Зерттеу барысында нанобөлшектердің өсімдіктердің өсуі мен морфогенезіне тигізетін екіжақты әсері (өсуін
ынталандыруы және фитоуыттылық көріністері) plant tissue culture әдісі негізінде in vitro жағдайында
бағаланды. Тәжірибелер стерильді қоректік ортада жүргізіліп, морфометриялық және физиологиялық
көрсеткіштер кешенді түрде талданды.
Нәтижелер. Нанобөлшектердің (НБ) өсімдік жасушаларымен өзара әрекеттесу механизмдері,
нанотыңайтқыштардың дәстүрлі формалармен салыстырғандағы артықшылықтары және НБ-дің
әртүрлі түрлерін (металдар, олардың оксидтері, кремний, көміртекті материалдар) қоректік орталардың компоненттері ретінде, соның ішінде контаминация қаупін төмендету үшін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Тақырып бойынша жүргізілген шолу in vitro жағдайындағы өсімдік ұлпалары культурасында нанобөлшектердің көптеген артықшылықтарын айқындай отырып, сонымен бірге өсімдік биотехнологиясында наноматериалдарды қолдану дозалары мен тәсілдерін оңтайландыру үшін қосымша зерттеулердің қажеттігін көрсетті.
Қорытынды. Нанобөлшектерді пайдалану негізінде өсімдіктерді клондық микрокөбейту әдісін жетілдіру үлкен практикалық маңызы бар. Өйткені бұл биотехнологиялық тәсілдер арқылы жаңа сорттар мен формаларды қалыптастыру жұмыстарын неғұрлым тиімді жүргізуге, сондай-ақ өсімдіктердің генқорын сақтауға және бастапқы тұқым шаруашылығына арналған материалды көбейту қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.

Загрузки

Опубликован

2026-03-30

Выпуск

Раздел

Ауылшаруашылық ғылымдары