ФИЗИКАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ БАЙЛАНЫС ЭНЕРГИЯСЫН САНДЫҚ ӘДІСТЕР КӨМЕГІМЕН ЗЕРТТЕУ
Ключевые слова:
байланыс энергиясы, потенциалды энергия, потенциалдық шұңқыр, ионизация энергиясы, масса ақауы, MathCAD қолданбалы программалар пакеті.Аннотация
Мақалада физикалық денелер жүйесіндегі байланыс энергияларының заңдылықтарын MathCAD қолданбалы программалар пакеті көмегімен зерттеу нәтижелері баяндалған. Физикалық жүйе ретінде гравитациялық тартылыс өрісінде және электростатикалық өрісте орналасқан денелер мен зарядталған бөлшектер және ядролық күштер өрісіндегі нуклондар
қарастырылған. Мақалада компьютерлік зерттеулердің теориялық нәтижелері мен космонавтикадағы жетістіктер салыстырыла отырып баяндалған. Жер үшін бірінші және екінші космостық жылдамдықтардың сандық мәндерін ЖЖС мен Жер планетасы арасындағы байланыс энергиясы құбылысымен байланыстыра отырып зерделеген. Жер және Ай жүйесіндегі байланыс энергиясы, үш дене үшін шектелген есеп «потенциалдық шұңқыр» ұғымы және оның графиктері көмегімен зерттелген. Күн жүйесі және планеталардың байланыс энергиясы және оның графигі сандық әдіс
көмегімен алынған.