Расширение генетической изменчивости проса обыкновенного на основе искусственной гибридизации
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.4(128).2092Аннотация
Алғы шарттары мен мақсаты. Кәдімгі тары (Panicum miliaceum L.) генетикалық базасын кеңейту селекцияның маңызды саласы болып табылады, себебі қолданыстағы сорттар бейімделу және өнімділік жағынан шектеулі болып келеді. Бұл зерттеудің мақсаты жасанды будандастыру арқылы будандық ұрпақтарын алу және кейіннен болашағы бар селекциялық материалды анықтау үшін олардың өнімділік белгілерін алдын ала бағалау болды.
Материалдар мен әдістер. Зерттеуге ВИР және USDA-коллекциялық үлгілері мен Қазақстан жағдайларына бейімделген отандық сорттар қолданылды. Қырық үш будандастыру комбинациялары жүргізілді, содан кейін будандардың тұқым байланымы және бастапқы өнімділігін бағалау жүргізілді.
Нәтижелері. 43 будандастырудың 22-сі тұқым байланымы сәтті болып, орташа көрсеткіші 9,4% құрады. Ең жоғары нәтижелер жергілікті сорттарды шетелдік үлгілермен будандастыру кезінде байқалды, бұл жоғары генетикалық үйлесімділікті және селекцияны жақсарту әлеуетін көрсетеді. Будандық өсімдіктерді алдын ала бағалау өнімділік белгілері үшін оңтайлы мәндері бар комбинацияларды анықтауға мүмкіндік берді.
Қорытынды. Алынған будандар бағалы белгілері бар болашағы мол тары желілерін жасауға бағытталған әрі қарай селекция процесінде қодануға құнды материал болып саналады. Әрі қарайғы зерттеулер іріктелген материалдың өнімділігі мен бейімделуін нақты бағалауды қамтиды.