Генетические ресурсы яровой мягкой пшеницы международного центра СИММИТ для селекции на повышение продуктивности и устойчивости к болезням в условиях Северо-Казахстанской области
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.4(128).2088Аннотация
Алғышарттар мен мақсат. Қазақстанда бидай селекциясын дамыту жоғары өнімділік пен стресс факторларына төзімділікті қамтамасыз ететін генетикалық әртүрлі және бейімделген бастапқы материалды пайдалануды талап етеді. Халықаралық жүгері және бидайды жақсарту орталығы (СИММИТ) жыл сайын IWIN желісі арқылы жаңа линияларды ұсына отырып, генетикалық базаны кеңейтуге және дақылдардың түрлі жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік береді. Осы зерттеудің мақсаты – СИММИТ халықаралық орталығының үш халықаралық тәлімбақтың селекциялық материалдарын зерттеу, олардың өнімділігі мен басқа белгілері бойынша салыстыру, перспективті үлгілерді іріктеу және селекциялық жұмыста пайдалануға жарамды линияларды анықтау болды.
Материалдар мен әдістер. Зерттеулер 2024–2025 жылдары «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС базасында жүргізілді. Үш халықаралық тәлімбақтан алынған линиялар зерттелді: 13th SATYN-DRGT (құрғақшылыққа төзімді линиялар), 3rd HZWYT-EM (мырыш мөлшері жоғары, ерте пісетін формалар) және 1st SAWYT-EM (жартылай құрғақ аймақтарға арналған ерте пісетін формалар). Тәжірибелер аймақтың стандартты агротехникасына сәйкес жүргізілді, морфологиялық, өнімділік және дән сапасының көрсеткіштері (ақуыз, клейковина, седиментация) талданды.
Нәтиже. Барлық СИММИТ линиялары аймақтық жағдайларға жоғары бейімделгіштігін көрсетті. Көптеген үлгілердің өнімділігі стандартты Астана сортына (385,9 г/м²) тең немесе одан жоғары болды, ең жоғары өнімділік 1SAWYT-EM тәлімбағында (402,2 г/м²) тіркелді. Сапа көрсеткіштері бойынша линиялар жергілікті Айна сортынан асып түсті: ақуыз мөлшері 15,1–17,5%, клейковина – 33,3–38,0%, седиментация – 73,8 мл-ге дейін жетті. Сондай-ақ қоңыр және сабақ таттарына төзімділік байқалды.
Қорытынды. СИММИТ материалы жоғары бейімделгіштігімен, өнімділігімен және дән сапасымен ерекшеленеді, бұл оны стресс факторларына және ауруларға төзімді жаңа бидай сорттарын шығару бойынша селекциялық бағдарламалар үшін құнды бастапқы материал етеді.