ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДАҒЫ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРДІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

Авторы

  • А. Сманов Казахский национальный аграрный исследовательский университет
  • Атакулов Т. Казахский национальный аграрный исследовательский университет
  • Kȩstutis Romaneckas Сельскохозяйственная академия университета Витаутаса Великого
  • Ержанова К. Казахский национальный аграрный исследовательский университет

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.4(128).2082

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағындағы суармалы жерлерді тиімді пайдалану аспектілері қарастырылған. Температуралық көрсеткіштер мен далалық зерттеулер нәтижелері негізінде суармалы егіншіліктің өнімділігін арттыру шаралары ғылыми тұрғыда негізделген. Су және жер ресурстарын тиімді пайдалану, сондай-ақ экономикалық тиімділікті арттыру бойынша нақты ұсыныстар берілген. Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірі құрғақ климатымен және су ресурстарының тапшылығымен сипатталады. Мұндай жағдайда суармалы егіншілікті жетілдіру өзекті мәселе болып табылады. Зерттеудің мақсаты — суармалы жерлерді тиімді пайдалану тәсілдерін айқындау және олардың өнімділігін арттыру үшін аралық дақылдарды енгізудің тиімділігін дәлелдеу.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу барысында ауыл шаруашылығы дақылдарының белсенді температуралар жиынтығына қажеттілігі есептеліп, өңірдің нақты гидротермиялық жағдайларымен салыстырылды. Далалық ғылыми-зерттеу деректері пайдаланылды. Негізгі және аралық дақылдарды өсірудің экономикалық тиімділігі талданды.

Нәтижелер. Негізгі дақылдан кейін аралық дақылдарды себу рентабельділікті 129–149 % аралығында арттыратыны анықталды. Ең жоғары таза табыс — 171–197 мың тг/га — күздік тритикаленің негізгі дақыл ретінде өсіріліп, одан кейін аралық дақылдарды себу арқылы алынды. Ал судан шөбін жасыл массаға аралық дақыл ретінде себу экономикалық тұрғыдан тиімді нәтиже бермеді.

Қорытынды. Құрғақ аймақтарда орналасқан оңтүстік-шығыс Қазақстан жағдайында суармалы жерлерді тиімді пайдалану үшін аралық дақылдарды енгізу тиімді әдіс болып табылады. Бұл тәсіл ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін және экономикалық қайтарымдылығын арттыруға, сонымен қатар су тапшылығы жағдайында тұрақты аграрлық өндірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Опубликован

2025-12-22