СҰРТОПЫРАҚТЫҢ ДЕГРАДАЦИЯСЫМЕН КҮРЕСУДІҢ ҚАРҚЫНДЫ ӘДІСТЕРІ
СҰРТОПЫРАҚТЫҢ ДЕГРАДАЦИЯСЫМЕН КҮРЕСУДІҢ ҚАРҚЫНДЫ ӘДІСТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.4(128).2081Аннотация
Антропогендік жүктеменің артуы және климаттық факторлардың өзгеруі жағдайында сұр топырақтардың деградациясы мәселесі құрғақ аймақтардағы ауыл шаруашылық өңірлері үшін аса өзекті болуда. Түркістан облысындағы мақта шаруашылығындағы өзекті мәселелердің бірі суармалы жерлердің тозуымен күресу және мақта өсірудің топырақ ресурсын үнемдейтін технологиясын пайдалану негізінде, топырақтың тозуының прогрессивті жағдайларында деградациялық процестерді болдырмауға ықпал ететін органо-биологиялық мелиоранттарды ұтымды пайдалану негізінде, мақта алқаптарының мелиоративтік жағдайын жақсарту болып табылады.
Жерді рекультивациялау астарында, органо-биологиялық тыңайтқыштарды қолдану, сұр топырақтардың мелиоративтік жағдайын жақсартуда үлкен қарқындылық көрсететіні анықталды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша, органикалық мелиоранттарды қолдану арқылы, топырақта қарашірік түзілу процесі қарқынды жүріп жатқаны анықталды, яғни топырақты негізгі өңдеу алдында 3,5 тонна/га мелиорант қолдану арқылы және егіс алдында топыраққа 0,5 тонна/га енгізгенде, қарашіріктің мөлшері 0-20см қабатында 0,825% мөлшерге құрамдалғаны анықталды.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаттары - органо-биологиялық тыңайтқыштарды қолдану негізінде, суармалы сұртопырақтардың агромелиоративтік жағдайын жақсарту әдістерін жасау болып табылады. Сонымен қатар, зерттеу жұмыстарының алдында қойылған маңызды мәселе - топырақты органикалық заттармен толықтыру және қарашірік тепе-теңңдігін қамтамасыз ету болвп табылады.