Картоптың кеңінен таралған негізгі вирустарының коллекциясын құру және оларды сауықтыру әдістерінің тиімділігін зерттеу

Авторы

  • Канапина М.М. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Хасанов В.Т. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Әжімахан М.Ә. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина
  • Бейсембина Б. Казахский агротехнический исследовательский университет им. С.Сейфуллина

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.4(128).2062

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Картоп – ең маңызды азық-түлік дақылдарының бірі, алайда оның өнімділігі мен сапасы вирустық аурулардың әсерінен едәуір төмендейді. Картоп вирустары түйнектерде жиналып, оларды бақылауды қиындатады және отырғызу материалын сауықтырудың тиімді әдістерін жасауды талап етеді. Жұмыстың мақсаты – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің (ҚАТЗУ) Өсімдік биотехнологиясы зертханасының in vitro коллекциясындағы картоптың негізгі вирустарын жинақтап, олардың молекулалық идентификациясын жүргізу және картоптың бастапқы материалын сауықтыру бойынша зерттеулерде пайдалану.

Материалдар мен әдістер. Вирустарды анықтау үшін иммуноферменттік талдау (ИФТ) және кері транскрипция негізіндегі мультиплекстік полимеразды тізбекті реакция (ОТ-ПТР) қолданылды. Зерттелген вирустар: Х-вирус (PVX), Y-вирус (PVY), S-вирус (PVS), М-вирус (PVM) және жапырақтардың бұралу вирусы (PLRV).

Жаңалығы. Молекулалық идентификациясы расталған картоп вирустарының изоляттарының коллекциясы құрылды. Бұл коллекция картоп селекциялық материалын сапасын арттыруға және сауықтырудың қазіргі әдістерінің (электротерапия, криотерапия, апикальді меристемалар мәдениеті) тиімділігін бағалауға негіз болып табылады.

Нәтижелер. ИФА және мультиплекстік КТ-ПТР әдістерімен 34 картоп үлгісі талданып, олардың 8-інде PVX және PVM вирустары анықталды. Бір және аралас инфекциялар анықталды, бұл коллекцияны сауықтыру әдістерінің тиімділігін және картоптың селекциялық материалының вирустарға төзімділігін зерттеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Опубликован

2025-12-22