Солтүстік Қазақстан аумағында карантинді арамшөптердің фитосанитарлық мониторингісі мен күресу шаралары
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.4(128).2053Аннотация
Алғышарттар мен мақсат. Мақалада келтірілген зерттеу жұмыстары Солтүстік Қазақстан аумағындағы карантинді арамшөптердің таралуы мен зияндылық дәрежесі бойынша кешенді ақпарат алуға бағытталған. Алынған ғылыми нәтижелер өңірдің фитосанитариялық жағдайын бағалауға және аталған карантинді арамшөптердің таралуын бақылау мен шектеудің тиімді шараларын әзірлеуге негіз болмақ.
Материалдар мен әдістер. Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2025 жылы жүргізілді. Зерттеу барысында карантинді арамшөптердің таралуын анықтауда өсімдік қорғауда жалпы қабылданған әдістер, сондай-ақ, гербицидтердің биологиялық тиімділігін есептеуде Абботтың жетілдірілген формуласы қолданылды.
Нәтижелер. Мақалада Солтүстік Қазақстан аумағында карантинді арамшөптердің фитосанитарлық мониторингісі мен күресу шараларының нәтижелері келтірілді. Карантинді нысандарға мониторинг жұмыстары Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында жүргізілді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде жоғарыда аталған барлық облыстар жағдайында карантинді арамшөп Жатаған (қызғылт) укекіре анықталды, ал Арам сояу Ақмола және Павлодар облыстары жағдайында тіркелді.
Қорытынды. Зерттеу жылы Солтүстік Қазақстан аумағында карантинді арамшөптердің негізгі өсіп дамуы кезеңдері сәуір айының III онкүндігінен шілде айының III онкүндігі аралығында өтті. Жатаған укекіреге қарсы қолданылған глифосат әсер етуші заты негізіндегі жаппай әсер ететін гербицидтердің тиімділігі – 85,0 - 94,0% құрады.