ГЕОТЕРМАЛДЫҚ КӨЗДЕРДЕ ТИЛЯПИЯНЫ ӨСІРУ
Ключевые слова:
Балықтар, гидрохимия, тиляпия, геотермалдық көз, айналмалы сумен жабдықтау жүйесі, индустриалды балық шаруашылығы, балық өсірудегі биологиялық көрсеткіштері.Аннотация
Бұл мақалада геотермалдық көздерінде тиляпия балығын өсіру нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында геотермалдық көздерінің гидрохимиялық режимі анықталды, ол оттегінің нормадан төмен көрсеткішін көрсетті. Сол себептен осы су көздеріне гидрохимиялық режимді оңтайландыру үшін дегазация жүргізілді, көмірқышқыл газы төмендетілді және оттегі ұлғайтылды. Дегазациядан кейінгі геотермалдық суларында тиляпия балығын өсіруінде балықтардың өсу жылдамдығына оң әсерін көрсетті. Сондағы тиляпия балығының абсолюдтік өсуі 156 г болып анықталды. 2019 жылы мамыр-тамыз айларында айналымдық сумен жабдықтау жүйесінде тиляпия өсіру бойынша зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер көрсеткендей, тиляпияның салыстырмалы үлкен емес азықтық коэффициентімен айналмалы сумен жабдықтау
жүйесінде жақсы өсу жылдамдығын көрсетті, ол абсолюдтік өсуі 120 күнде 326 г болды.