Қазақстанның екі түрлі агроклиматтық аймағының мысалында табиғи өсімдік қауымдастықтарындағы шегіртке зиянкестерінің популяциясының таралу ерекшеліктері

Авторы

  • Байбусенов К.С. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Ажбенов В.К. "Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты" ЖШС
  • Аманбай Ж.З. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Суйеубаев О.А. ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ
  • Джумагулов А.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.3(127).2039

Ключевые слова:

зиянды шегірткелер; популяция; таралу; өсімдіктер қауымдастығы; агроклиматтық аймақтар.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Қазақстанның түрлі агроклиматтық аймақтарында кездесетін зиянды шегірткелердің түрлік құрамын, арақатынасын, жиілігін және басым түрлерін нақтылап, зерделеу өзекті мәселелерінің бірі болып есептеледі. Бұл – жиі кездесетін әрі экономикалық тұрғыдан маңызды зиянды түрлерді, олардың белгілі бір таралу ошағы мен қоректік ортасын анықтау үшін маңызды. Зерттеудің мақсаты - Қазақстанның әртүрлі агроклиматтық аймақтарындағы зиянды шегіртке түрлерінің таралу ерекшеліктерін, түрлік арақатынасын, пайда болу жиілігін, үстемдігін және популяциялық динамикасын нақтылау.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу орны ретінде кейіннен нәтижелерді салыстыру үшін Қазақстандағы екі ірі агроклиматтық аймақ таңдалды: Қазақстанның ылғалды орташа жылы және әлсіз ылғалды орташа жылы агроклиматтық аймақтары. Өсімдіктерді қорғау мен фитосанитариялық мониторингте жалпы қабылданған әдістемелерге сәйкес өсімдік қауымдастықтарында түр құрамын, санын, пайда болуын, түраралық үстемдігін және таралуын есепке алу бойынша зерттеулер жүргізілді. Зерттелетін орындардың GPS координаттары тіркелді.

Нәтижелер. Ылғалды, орташа жылы агроклиматтық аймақта 15 түрі, ал Қазақстанның әлсіз ылғалды, орташа жылы агроклиматтық аймағында шегірткелердің 14 зиянды түрі анықталды. Қарастырылып отырған екі агроклиматтық аймақта да Calliptamus italicus түрі жиі кездеседі. Ылғалды, жылы агроклиматтық аймақта орташа кездесетін түрлерге Paracryptera microptera microptera, Dociostaurus brevicollis, Dociostaurus kraussi, Stenobothrus fischeri жатады. Әлсіз ылғалды, жылы агроклиматтық аймақта Calliptamus italicus-тен басқа жиі кездесетін түрлер ретінде Oedaleus Decorus және Stenobothrus fischeri, Chorthippus biguttulus түрлері орташа кездесетін түрлерге жатады. Шегіртке зиянкестерінің әртүрлі түрлері үшін ең қолайлы өсімдіктер қауымдастығы дәнді-жусанды және қаулы дәнді өсімдіктер болды, онда барлық анықталған шегіртке зиянкестерінің 19% табылд. Одан басқа, барлық шегіртке зиянкестерінің 14% анықталған әртүрлі шөпті бозды-қаулы және бозды-бидайықты өсімдіктер қауымдастығын атап өтуге болады.

Қорытынды. Қазақстанның екі түрлі агроклиматтық аймағының мысалында табиғи өсімдіктер қауымдастықтарында шегіртке зиянкестері популяцияларының таралу ерекшеліктері бойынша алынған деректер Қазақстанда шегіртке зиянкестерінің таралуының цифрлық картасын жасау жөніндегі түпкілікті нәтижелердің бөлігі болып табылады, сондай ақ зиянкестер популяцияларының болжауын жасайтын модельдерінің болжаушылары болып табылады.

Загрузки

Опубликован

2025-09-30