Синтез наноудобрений на цеолитовой основе: подход и характеристики
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.3(127).2038Аннотация
Алғышарттар мен мақсаты. Минералды тыңайтқыштардың қымбаттауы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнына әсер етіп, инновациялық агротехнологияларды енгізуді қажет етеді. Бұл мәселенің тиімді шешімдерінің бірі – макро- және микроэлементтерді баяу және ұзақ мерзімді түрде шығаратын, цеолит негізінде дайындалған нанотыңайтқыштарды қолдану. Зерттеудің мақсаты: табиғи цеолитті тасымалдаушы ретінде пайдалана отырып, экологиялық таза нанотыңайтқыштар алу.
Материалдар мен әдістер. Зерттеуде Қазақстаннан алынған табиғи клиноптилолит қолданылып, фосфор, калий және микроэлементтермен (Zn, Cu, Mn) модификацияланды. Физика-химиялық зерттеу әдістері ретінде ИК-спектроскопия, БЭТ беткі аумақты анықтау және атомды-абсорбциялық спектрометрия қолданылды.
Нәтижелер. Цеолиттің қоректік элементтерді сіңіру қабілеті жоғары екендігі және оларды ортаға байланысты біртіндеп шығаратыны анықталды. Биотест нәтижелері өсімдіктердің өсуінің артқанын және қолайсыз жағдайларға төзімділігінің жақсарғанын көрсетті.
Қорытынды. Модификацияланған цеолит негізінде алынған нанотыңайтқыштар экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, ұзақ әсер ететін және тұрақты ауыл шаруашылығында қолдануға тиімді.