Ақмола облысының тәлімі жерлеріндегі биологиялық негізделген ауыспалы егіс жүйесінде қар тоқтату тәсілдерінің су балансын реттеу мен жаздық бидайдың өнімділігін арттырудағы рөлі
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.3(127).2035Аннотация
Алғышарттар мен мақсат. Ақмола облысы – жылдық жауын-шашын мөлшері орта есеппен 320–360 мм болатын, оның едәуір бөлігі қар түрінде түсетін құрғақ аймаққа жатады. Бұл ретте қар жамылғысының биіктігі дәнді дақылдардың аңызы есебінен 15–25 см аралығында жиналады, ал қалған қар орман белдеулеріне ұшырылып, дәнді дақылдардың өнімділігін қалыптастыруға қатыспайды. Зерттеудің мақсаты – жасыл сүрі жермен биологиялық негізделген қысқа ротациялық ауыспалы егісте қар тоқтату тәсілдерінің топырақтың ылғал режимі мен жаздық бидайдың өнімділігіне әсерін зерттеу болды.
Материалдар мен әдістер. Үш жыл бойы қар жинақталу жағдайына, агрофондардың ылғалмен қамтамасыз етілуіне және бұршақ-сұлы қоспасынан кейінгі жасыл сүрі жерде жаздық бидайдың өнімділігіне бақылау жүргізілді. Бұл ретте қар жамылғысының сапалық көрсеткіштері (биіктігі, тығыздығы және су қоры) анықталды. Қар ерігеннен кейін, бидай себер алдында және жинау алдында 1 метрлік топырақ қабатындағы өнімді ылғал қоры өлшенді. Өсіп-өну кезеңінің соңында бидай өнімділігі есептелді.
Нәтижелер. Жасыл сүрі жерлен кейінгі бірінші дақыл ретінде себілген бидай егілген учаскелерде қар тоқтату тәсілдері қолданылған нұсқаларда топырақтың су-физикалық қасиеттері мен дақыл өнімділігінің ең жақсы көрсеткіштері байқалды. Қар биіктігі – 37,3 см, қардағы су қоры – 115,7 мм, себу алдындағы топырақтағы өнімді ылғал қоры – 122,4 мм. Жасыл сүрі жер кейінгі ауыспалы егісте төртінші дақыл ретінде егілген бидай учаскелерінде де қар жинау тәсілдері қолданылған нұсқаларда жақсы көрсеткіштер тіркелді: қар биіктігі – 52,8 см, қардағы су қоры – 132,0 мм, топырақтағы ылғал қоры – 124,2 мм. Бұл ретте топырақ тығыздығының ең төменгі көрсеткіштері тіркелді – бірінші агрофонда 1,21 г/см³ және екіншісінде 1,18 г/см³. Қар тоқтату тәсілдері қолданылған нұсқаларда бидайдың дән өнімділігі ең жоғары болды – тиісінше 18,4 ц/га және 14,5 ц/га.
Қорытынды. Зерттеу жылдарында ауа райының құрғақ болуына қарамастан, қар тоқтату тәсілдерін қолдану топырақта ылғалдың жинақталуына және бидай өнімділігінің қалыптасуына оң әсер етті.