НҰРСҰЛТАН ҚАЛАСЫ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
Ключевые слова:
сәулет келбеті, қала құрылысы, көгалдандыру, жасыл алқаағаштар, топырақтың орман өсіруге жарамдылығы, инфрақұрылым, орман тұқымбағы, қоршаған орта, халық санының өсуі, астанаАннотация
Елорданың қала құрылысы мәдениеті қазіргі Қазақстанның технологиялық, өркениеттік және рухани әлеуетін көрсетеді. Жасыл аймақтың аумағы құрғақ дала аймағында, қою-қызғылт топырақта орналасқан. Топырақ жамылғысы біркелкі емес және солтүстіктен оңтүстікке қарай кәдімгі қара топырақтан ашық-қызғылт топыраққа дейін табиғи түрде өзгереді. Жасыл аймақтың жер жамылғысында сортаң топырақ кешендері, дақтар және олардың үйлесімділігі басым. Бұл аймақта орман алқаптарын өсіру тек топырақтың сапасымен ғана емес, сонымен қатар құрғақшылықтың жиілігімен де (10 жылда шамамен 4 жыл), сондай-ақ орман өсіруге жарамды топырақтың ұсақ контурлылығымен де байланысты. Қазіргі уақытта Нұрсұлтан қаласын қоршап тұрған жасыл белдеу аумағы 50 мың гектардан асты. 1997 жылдан 2013 жылға дейінгі кезеңдегі
орман екпелерінің жалпы ауданы 70 мың га құрайды, оның 15 мыңға жуығы қала ішінде, қалған 55 мыңы қала сыртында. Қаладағы ағаштардың жалпы саны 369,32 мың данадан асты, олардың саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, тек 2015 жылы барлығы 19202 ағаш отырғызылды, оның ішінде аудандар бойынша: Алматы - 7 552, Сарыарқа - 2136 және Есіл - 9514 ағаш, сондай-ақ 4892 шаршы метрге жасыл шарбақ отырғызылды. 2015 жылы Елорданың бір тұрғынына жасыл алқаағаштар ауданы 2014 жылмен салыстырғанда 18% артты. Сонымен қатар, 2015 жылы 2600 дана ағаштарды алып тастауға рұқсат берілді және 3387 дана басқа жерге көшірілді. Еліміздің бас қаласын көгалдандыру бағдарламасы бүгінде сәтті жұмыс істеуде, ал 2020 жылға қарай Астана қаласының айналасындағы жасыл аймақты 100 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.