ҚАТТЫ ҚАРА КҮЙЕГЕ (TILLETIA CARIES (DC) TUL.) ТӨЗІМДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КҮЗДІК БИДАЙ ҮЛГІЛЕРІНІҢ СКРИНИНГІ
Ключевые слова:
бидай, фитопатологиялық бағалау, қатты қаракүйе, Tilletia caries, жоғары төзімді, қатты төзімсіз, төзімді сорттар, органикалық егіншілік, құрылымдық талдау, инфекциялық фон.Аннотация
Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі критерийі бидайдың жоғары өнімді және төзімді сорттарын құру болып табылады. Қазақстан Республикасында жыл сайын 15,5 млн гектар жерге егіс егіліп, шамамен 17-18 млн. тонна дән алынады, оның 8 млн. тоннасы Еуропа, Қиыр Шығыс және Араб мемлекеттеріне экспортталады. Азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аурулар мен зиянкестерге генетикалық төзімділікті арттыру, сондай-ақ агротехникалық шараларды жақсарту арқылы климаттың өзгеруіне бейімделуі қажет. Әлемдегі ең қауіпті бидай ауруларының бірі қатты қара күйе. Қазақстанның көптеген сорттары өнімділігі тұрақтылығымен, дәннің жоғары сапасымен және экологиялық жұмсақтығымен ерекшелінеді, бірақ індеттік аймақта аурумен қатты зақымдалады. Бұл ауылшаруашылық сеторына эпифитотия пайда болған кезде үлкен шығыныға әкеліп соқтырады. Мақалада 78 қазақстандық сорттарға фитопатологиялық бағалау және құрылымдық талдау жасалынды. Нәтижесінде қатты қара күйеге төзімділігі мен шаруашылық-құнды белгілері бойынша Карасай, Султан-2 және Матай сорттары ерекшеленді. Бұл сорттарды селекциялық бағдарламаларда төзімділік донорлары ретінде қолдануға болды.