СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА НОҚАТТЫҢ КОЛЛЕКЦИЯЛАРЫН НЕГІЗГІ ӨНІМДІЛІК ЭЛЕМЕНТТЕРІ БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • А.К. Куришбаев, Г.Ж. Хасанова, Ю. Н. Шавруков, А.С. Джатаев, А.С.Турбекова, И.П. Ошергина,

Ключевые слова:

генотип, ноқат, коллекция, үлгі, вегетациялық кезең, егін, өнімділік, климат, сұрыптау.

Аннотация

Солтүстік Қазақстан қуаншылық климат жағдайында өсіріліп жатқан ноқатсорттары қуаншылыққа жоғары төзімділігімен және сол аймаққа бейімділігімен ерекшелінуі керек. Қазіргі нарықтық қатынастықта дақылды өсіріп-өңдіру кезеңдеріндегі жұмсалған барлық қаражат толығымен олардың жоғарғы өнімділігі және астық сапасының құндылығы негізінде қайтаруылы
қажет. Жергілікті селекцияға шаруашылық-құнды белгілері бар шетелдік генотиптерді еңгізу арқылы отандық агроэкотип дақылдарын құрастыруға, сонымен қатар көлемді селекциялық жұмыстарға қажетті бастапқы материалдар алуға мүмкіндік береді. Ноқатты кезең-кезеңмен жақсартудағы негізгі мақсат селекциялық үрдіс арқылы өсімдіктердің тезпісетін формаларын сұрыптау, олар биомассаның тез жинақталуымен сипатталады, ал ол өз кезегінде өсімдіктің
өнімділігі мен сапасына әсер етеді. Солтүстік Қазақстанның қуаншылық жағдайына максималды бейімделген сорттарды құрастыру үшін бастапқы материалдар алынды - 2072, 14799, 13124, 1510, 10945, 4495, 5613. Сонымен қатар өнімділігі жоғарғы көрсеткіштермен сипатталатын сорттарды алу селекциялық жұмыстардың тиімділігінің көрсеткіші, бірақ бұл
өте қиын міндеттердің бірі, оған себеп кешендік белгі көрсеткіштерінің көптігі. Көбірек өнімділігімен көрінген генотиптерге 8515, 12947, 1431, 456, 3776, 1205, 1083, 5337, 15697, 7272, 13283, 13764 және 13187 жатады. Жоғары өнімділік қалыптастыра алатын үлгілер ретінде келесі генотиптер ұсынылады: 1431, 9586, 2919, 12916, 3218, 3776, 12654, 13764, 15697, 2593, 9872, 95, 3421. Ноқат селекциясына тұқым ірілігі бойынша ұсынылатын генотиптер: 15762, 11903, 15248, 15294, 14595, 10755, 7255, 15435, 14199, 7272, 15697, 15406, 15518, 11879 және 13187. Ноқатты механикалық жинауға жарамды сорттарын шығару үшін қажетті белгілері бар перспективті мына генотиптер ұсынылады - 4418, 3946, 3239, 2919, 13599, 8515, 1052, 11903,
10673, 2884, 9402, 5337, 13357, 7571, 13283, 13628, 15406 және 4841.

Загрузки

Опубликован

2021-06-22