ЗИЯНДЫ САЯҚ ШЕГІРКЕЛЕРДІҢ ДАМУЫ МЕН ТАРАЛУЫ БОЙЫНША СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ АЛҚАПТАРЫНЫҢ ФИТОСАНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i3.64Ключевые слова:
саяқ шегірткелер, дамуы, таралуы, популяциялық динамикасы, қоңыстануы, пестицидтік өңдеулер, Солтүстік ҚазақстанАннотация
Мақалада Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі ауыл шаруашылығы алқаптарының зиянды саяқ шегірткелер бойынша фитосанитариялық жағдайы жайлы зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттелетін аймақтардың жалпы фитосанитарлық жағдайын сипаттау үшін осы зиянкестердің дамуы мен таралу мәселелері соңғы екі онжылдық шеңберінде қарастырылып талдау
жасалынды. Республика шеңберінде зиянкестердің қоңыстануы бойынша ең жоғары көрсеткіштер Қазақстанның солтүстік өңірлеріне келіп, Ақмола
облысында бұл көрсеткіш тиісінше 86,7%, Павлодар облысында - 85,2 %, Қостанай облысында -76,8% және Солтүстік Қазақстан облысында-68,1% деңгейінде болды. Саяқ шегірткелердің көп жылдық популяциялық
динамикасы өзгеруінің кейбір заңдылықтары мен критерийлері анықталды. Осылайша, фитофагтар санының динамикасының белгілі бір фазаларының
келу қайталымы әрдайым сақталмайды. Олар қоршаған орта факторларының әсерінен өзгеріске икемді келеді. Осылайша, үйірден тыс шегірткелер популяциялары динамикасының өзгеру фазасының диагностикалық
көрсеткіштері бойынша жаппай көбею 1999, 2005, 2009, 2012 және 2016 жылдарға тура келді. Зиянкестер саңының ең жоғарғы көрсеткіші 2010, 2013,
2017 жылдары байқалды, ал 2000, 2006, 2011, 2014 және 2018 жылдары сан динамикасының құлдырауы байқалған. Алынған мәліметтер Солтүстік
Қазақстандағы саяқ шегірткелер популяциялық динамикасының өзгеру тенденциясына болжам беру критерийлері ретінде ұсынылуы мүмкін.
Загрузки
Опубликован
Версии
- 2021-05-18 (2)
- 2021-02-03 (1)