Жасымық (Lens culinaris Medik) үлгілерін механацияландырылған жинау үшін көрсеткіштерінің өзгергіштігін зерттеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.3(127).1991Аннотация
Мақалада әртүрлі ландшафттық-географиялық аймақтардан әкелінген жасымықтың коллекциялық үлгілерінде механикаландырылған егін жинауға жарамдылығының маңызды көрсеткіштерін зерттеу талдауының деректері келтірілген. 2024 жылдың жағдайында Қарағанды ауыл шаруашылығы станциясында ірі және ұсақ тұқымды жасымық өсімдіктерінің биіктігі бірдей (тиісінше 28,9 және 29,5), бірақ көптеген сорт үлгілері бойынша стандарттан аспайтыны анықталды. Төменгі бұршақтың бекітілу биіктігі жасымық түршелерінде 2 см-ге ерекшеленді (ірі тұқымды жасымықта жоғары). Биометриялық көрсеткіштер мен өнімділік, сондай-ақ олардың арасындағы биометриялық көрсеткіштер (биіктік пен ТБББ) арасындағы байланыстың корреляциялық талдауы нәтижесінде жасымықтың екі кіші түрі үшін де тұрақты оң тәуелділік анықталды. Өнімділік бойынша ірі тұқымды жасымықтан өнімділігі айтарлықтай жоғары және стандартқа тең үлгілер анықталды (ILL 485, Сакура, PI 468898, PI 451764, PI 435960, Славянка), ал ұсақ тұқымды жасымықтан ВИР, к-192 үлгісі стандартқа жақын Крапинка сорты анықталды.