ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШӨЛ АЙМАҒЫ ЖАЙЫЛЫМДАРЫНЫҢ ЭКОЖҮЙЕЛІК ҚЫЗМЕТІН АГРОЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ
Ключевые слова:
табиғи жайылымдар, экономикалық бағалау, экожүйе қызметтері, агроландшафт, өнімділік, жерлерді жақсарту.Аннотация
Экожүйелер қызметін экономикалық бағалау табиғи экожүйелерден алынатын ақшалай эквиваленттің тиімділігін анықтауға мүмкіндік жасайды.Біздің тәжірибелерімізде жайылымдық экожүйелер қызмет көрсетудің екі түрі бойынша бағаланды. Бірінші - мал азықтық ресурсы бойынша, яғни малды жайылымға жаю арқылы немесе одан пішен өндіру, екінші – шөптесін өсімдіктердің ауадағы көмір қышқылы газын вегетация кезеңінде сіңіруі және сол арқылы ауадағы мөлшерін реттеу мүмкіндігі. Алматы облысы Балқаш ауданы аумағының табиғи жайылымдарын ың 272,7 мың гектарын ерекше қорғалатын резерватқа қалдыру арқылы оның өнімділігін жоғарлатуға және көмір қышқылы газын сіңіру үрдісін қарқындатуға мүмкіндік туады. Есептеулер көрсеткендей, табиғи резерваттан жиналатын пішен көлемі 88860 тоннаны құраса, ал жайылым өсімдіктері 77202,6 тонна көмірқышқылы газын сіңіреді, ал 1тонна СО2 құны 36 АҚШ долларын құрайды немесе 2017 жылғы курспен есептегенде 13320 тенге.