Органикалық егістік алқабында бидай дақылының түраралық будан үлгілерінің потенциалды өнімділігі

Авторы

  • Қожахметов К. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Бастаубаева Ш.О. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Слямова Н.Д. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Жакатаева А.Н. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Бекбатыров М.Б. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
  • Жолдасбайұлы Ж. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.2/1(126).1946

Ключевые слова:

жабайы туыстар будандастыру; синтетикалық генотипті сорттар; үлгілер.

Аннотация

Алғышарттар мен мақсат. Органикалық ауыл шаруашылығы қазіргі таңда экологиялық таза өнім өндірудің басты бағыттарының бірі болып табылады. Осыған орай, органикалық егістік алқабында бидай дақылының өнімділігін арттыру мәселесі маңызды. Бидай дақылының жабайы туыстарымен будандастыру арқылы алынған синтетикалық түраралық будан үлгілері органикалық жағдайда жоғары өнімділікке және ауруларға төзімділікке ие болуы мүмкін. Осы зерттеудің негізгі мақсаты – органикалық егістік алқабында түраралық будан үлгілерінің потенциалды өнімділігін анықтау. Органикалық егістік алқабында бидай дақылының жабайы туыстарымен будандастыру арқылы алынған синтетикалық түраралық будан үлгілерінің потенциалды өнімділігін анықтау. Сонымен қатар, бұл үлгілердің органикалық жағдайда бейімделу қабілетін, өнім сапасын және ауруларға төзімділік деңгейін бағалау.

Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмыстары Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының органикалық егістік алаңында жүргізілді. Зерттеу объектісі ретінде мәдени бидай (Triticum aestivum) және оның жабайы туыстарымен (Aegilops cylindrica, Aegilops triaristata, Triticum timopheevii, T. militinae, T. kiharae) будандастыру арқылы алынған синтетикалық будан үлгілері таңдалып алынды. Будан үлгілері әртүрлі қатар аралықтарында себіліп, олардың вегетациялық кезеңі, ауруларға төзімділігі, өнім жинау элементтері, дәннің технологиялық сапасы (ақуыз, клейковина, крахмал мөлшері) зерттелді. Зерттеу нәтижелері Б.А. Доспеховтың статистикалық әдістері бойынша талданды.

Нәтижелер. Синтетикалық будан үлгілерінің өсімдіктері вегетация кезеңінде төзімділік деңгейі жоғары болып, ауруларға қарсы тұрақтылықты көрсетті. Сонымен қатар, будан үлгілерінің дән сапасы жоғары көрсеткіштермен сипатталды, бұл оларды әрі қарай селекцияда тиімді бастапқы материал ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Жинақталған деректер жаңа будан үлгілерінің органикалық егістік жағдайында тұрақты өнім беретіндігін дәлелдеді.

Қорытынды. Органикалық егістік алқабында бидай дақылының түраралық будан үлгілерін пайдалану ауыл шаруашылығында экологиялық таза және тұрақты өнім өндіруге жол ашатыны анықталды. Алынған синтетикалық будан үлгілері жоғары өнімділік пен ауруларға төзімділік қасиеттеріне ие болып, оларды селекция жұмыстарында әрі қарай пайдалану тиімділігі дәлелденді. Бұл зерттеу органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы бидай дақылы селекциясын жетілдіруге және жаңа, жоғары сапалы сорттар шығаруға негіз болады.

Загрузки

Опубликован

2025-07-04