ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА КҮРІШТІҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘРТҮРЛІ СУАРУ РЕЖИМДЕРІНІҢ ӘСЕРІ
Ключевые слова:
Күріш суару жүйесі, топырақтың тұздануы, судың минералдануы, күріш картасы, экологиялық және мелиоративтік жағдайлары, топырақтың тұз режимі, дақылдың суару режимі, суару мөлшері, сүзілу коэффициентіАннотация
Қызылорда облысында күріш өндірісінің келешегі өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мәселесімен қатар өзеннен алынған суды жоғары тиімділікпен дақылдар егісінде пайдаланумен байланысты. Күріш өзге дақылдармен салыстырғанда суды 1,5-2,0 есе артық жұмсайды. Осыған байланысты облыста күріш дақылының келешегін анықтайтын, оны дәлелдеп негіздейтін, күріш еккенде судың мол шығынын барынша азайту болып табылады. Ол үшін күрішті өсіруде суда үнемдейтін технологияларды зерттеп, нәтижелерін уақыт ұттырмай өндіріске енгізу керек. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша берілетін су көлемін тиімді пайдаланудың негізгі жолдарының бірі - күріштің суару режимі мен технологиясын жетілдіру. Өндірістік жағдайда күріштің суару нормасы каналдардың техникалық жағдайына және олардың пайдалы әсер коэффициенттеріне байланысты. Қызылорда облысында 2016 жылы суару жүйелерінде Сырдария өзенінен алынған су көлемі 9881,8 млн.м 3 , ал егіс алқаптарына берілген нақты су - 4260 млн.м 3 немесе жалпы судың бар болғаны 43% құрады. Мұндай жағдайлар су беруде қатал бақылаудың жоқтығы және қолданыстағы суару режимінің және суару технологиялардың ескіргендігімен түсіндіріледі. Суармалы жерлерге нормадан артық су пайдаланудан тұзды жер асты суының деңгейі көтеріліп, топырақтардың жоғарғы (0-100см) қабаттары қарқынды тұзданады және құнарлығы төмендейді. Бұл мақалада Қызылорда суару жүйесінде күріштің тиімді суару режимі,
күріш атызындағы арамшөптермен күресу, атыздағы судың тұздылығын қауіпсіз шамадан асырмау мақсатында жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 055 бағдарламасына сәйкес "Қызылорда облысының суармалы жүйелеріндегі күріш дақылының экологиялық тиімді суару режимін жасау" тақырыбы бойынша 2012-2014 жылдар аралығында үш нұсқа бойынша жүргізілген. Күріш танабының ылғал балансы В.Б.Зайцевтің әдістемесі бойынша зерттелді. Біздің зерттеулер
көрсеткішінің күріш өсіруші шаруашылықтардың мәліметтерімен айырмашылығы 3,8-5,8 мың м 3/га шамасында.