Геоақпараттық және ақпараттық технологияларды қолдану негізінде Қазақстанның әлсіз ылғалды орташа жылы агроклиматтық аймағында саяқ шегірткелерді фитосанитарлық бақылау әдістерін жетілдіру
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2025.2/1(126).1912Ключевые слова:
зиянды саяқ шегіртке; болжау; агроклиматтық аймақ; модельдеу; ГАЖ және ақпараттық технология.Аннотация
Алғышарттар мен мақсат. Қазақстан – ауыл шаруашылығына бағытталған аграрлық ел, алайда шегіртке секілді зиянды организмдер егін шаруашылығына елеулі қауіп төндіреді. Жаппай көбейген жылдары шегірткелер өнімнің 100%-на дейін жойқын зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін зиянкестер популяциясын болжау және басқару стратегиясына көшу қажеттілігі туындап отыр. Зерттеуде қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ), машиналық оқыту және жасанды интеллект негізінде зиянды стадиялық емес шегірткелердің таралуын болжауға арналған цифрлық веб-қосымша әзірлеу қарастырылады.
Материалдар мен әдістер. Бұл зерттеулерде стадиялық емес шегіртке зиянкестерінің таралуы мен қоныстануы туралы көпжылдық тарихи деректерді жинау және өңдеу үшін өсімдік зиянкестерінің пайда болуы мен дамуын фитосанитарлық бақылауда, болжауда және сигнал беруде статистикалық талдау әдістері пайдаланылды.
Нәтижелер. Зерттеу барысында. Ақмола және Қарағанды облыстарының агроклиматтық аймақтарында жүргізіліп, көпжылдық (2003-2023 жж.) фитосанитарлық деректер жиналды және талданды. Шегірткелердің таралуына әсер ететін метеорологиялық, климаттық және топырақтық факторлар ескерілді. Деректерді талдау үшін MySQL, Statistica, Python және Google Earth Engine сияқты құралдар пайдаланылып, нейрондық желілер мен машиналық оқыту модельдері негізінде болжау алгоритмдері жасалды.
Қорытынды. Жобаның нәтижесі зиянды организмдердің таралуын картаға түсіріп, нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін веб-қосымша болады. Бұл шешім зиянкестерге қарсы күресте ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық қауіпсіздікті арттыруға және ауыл шаруашылығы өндірісінің рентабельділігін көтеруге септігін тигізеді.