Bi – ҚҰРАМДЫ ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАЛЫ АСА ӨТКІЗГІШ ҚОСЫЛЫСТАРЫН ЕРІТУ ЖОЛЫМЕН АЛУ
Ключевые слова:
керамика, температура, микроқұрылым, дифрактограмма, аса өткізгіштік, фаза, ток, рентген, валенттікАннотация
Мақалада сәуле ағыны әсерінен алынған аморфты прекурсорлар негізінде Bi-Pb-Sr-Ca-Cu-O жүйесінде жоғары температуралы аса өткізгіш қосылыстардың синтезі бойынша зерттеу нәтижелері және олардың қасиеттері келтірілген. Бастапқы аморфты прекурсорлардың элементтік құрамын зерттеу негізінде, олардың құрамына стехиометриядан жоғары
болған оттегінің мөлшерін көрсетті, бұл сәуле ағынының әсерінен оттегінің иондалуы есебінен пайда болған балқымадағы озонның жоғары ерігіштігімен байланысты екнін болжаудауға болады. Аса өткізгіш фазалардың пайда болу жылдамдығының жоғарылауы және жазықтықтың бойымен керамикалық үлгілерде бөлшектердің жоғары құрылымы белгіленген [00I]. Барлық синтезделген үлгілерде негізгі фаза Bi1,7Pb0,3Sr2Ca2Cu3Oy құрамды аса өткізгіш фазасы болды. Үлгілердің критикалық параметрлерын зерттеу нәтижесінде, жүйенің үлгілерінде Bi1,7Pb0,3Sr2Ca2Cu3Oy фазадан басқа, критикалық температурасы одан да жоғары болған аса өткізгіш фазалардың болуы анықталды